check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған ДСӘДМ-нің стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы жедел есебі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму министрлігінің

(әзірлеуші-мемлекеттік органның атауы)

2014-2018  жылдарға арналған

(жоспарлық кезеңі)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген

құқықтық немесе нормативтік құқықтық актінің атауы)

 2014_жылғы «   5  »   желтоқсандағы   №   299 

бұйырығымен бекітілген

стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы жедел есебі

 

Есеп беру кезеңі:  2014  жылы

 

Мақсаттардың, тапсырмалардың, мақсаты индикаторлардың,

іс-шаралардың және нәтижелер көрсеткітерінің жетістігі

 

Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға,
іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу

 

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат: Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары: 001, 009, 010, 011, 012, 014, 015, 016, 017, 023, 104

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

5

6

1.        Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

Стат.

деректер

жыл

71

-

Деректер жоқ (Статистика комитеті ағымдағы жылғы  мамырда қалыптастырады) 

2.        Жалпы өлім-жітімді төмендету

Стат. деректер

1000

тұрғынға

7,62

7,65

Болжамға қол жеткізілетін болады (Статистика комитеті ағымдағы жылғы  мамырда қалыптастырады) 

3.   Күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

100

99

Қол жеткізілді

4.   Нәресте өлімі бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

96

81

Қол жеткізілді

5.   Туберкулездің таралуы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

104

102

Қол жеткізілді

6.   Туберкулездің бизнеске орта мерзімді әсері бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

110

111

Қол жеткізілген жоқ

7.   АИТВ-ның таралуы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ

деректері

позиция

44

1

Қол жеткізілді

8.   АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске орта мерзімді әсері бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

74

81

Қол жеткізілген жоқ

9.   Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

28

40

Қол жеткізілген жоқ

10.Мемлекеттік шенеуніктердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизмі бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

76

76

Қол жеткізілді

11.              Саясаткерлерге қоғамдық сенім білдіру бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

34

34

Қол жеткізілді

1.1.1-міндет.  Аурулар профилактикасына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәсілдерді жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

   

1.      Халық арасында темекі шегушіліктің таралуы

ДСӘДМ

деректері

%

18,2

-

Деректер жоқ. Әлеуметтік  сауалнама

үш жылда бір рет жүргізіледі

2.      Халық арасында алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуы

ДСӘДМ деректері

%

14,0

-

Деректер жоқ. Әлеуметтік  сауалнама

үш жылда бір рет жүргізіледі

3.      Халықты скринингтік тексеріп-қараумен қамту

ДСӘДМ деректері

нысан

 халық

%

70

70

Қол жеткізілді

4.      ҮЕҰ-мен бірлесіп е іске асырылатын әлеуметтік –маңызды жобалардың жалпы саны

ДСӘДМ деректері

бірлік

9

9

Қол жеткізілді

5.      Жастардың жалпы санынан Жастардың денсаулық орталықтарының қызметімен қамтылған жастардың үлесі

ДСӘДМ деректері

%

6,0

6,8

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

1

2

1.     Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру және мониторингілеу

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде скринингтердің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама жетілдірілді. 2014 жылы сүт безі, жатыр мойны обырына, колоректальды обырға, қуықасты безі обырына, өңеш және асқазан обырына, гепатоцеллюлярлы обырға 2013 жылдан бастап скрининг жүргізілетін 6 өңірге қосымша 5 өңірде (Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қстанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) скринингтер басталды. 2015 жылдан бастап аталған скринингтер бүкіл республика бойынша енгізілетін болады.

Бұдан өзге, қазіргі уақытта ҚР ДСМ 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына 2015 жылдан бастап 18-25-30-35 жас ерекшелік санаттарын қан айналым жүйесі ауруларына (бұдан әрі – ҚАЖ) скринингтен алып тастау, сондай-ақ МСАК сақтығын арттыру мақсатында ҚАЖ қатерін бағалауға арналған SCORE жүйесін енгізу бөлігінде толықтырулар енгізілуде.

Бұдан өзге, жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының 17 және одан жоғары жастағы оқушыларыдың арасында психобелесенді заттарды тұтыну қатерінің мінез-құлық факторларын ерте анықтауға жаңа скрининг енгізілді.

Халықтың нысаналы топтарының скринингтерінің  әдістемелік нұсқауларына және талдауға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі кеңейтілді, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарына профилактикалық қарап-тексеріп енгізу бойынша фунционалдық міндеттер айқындалды.

Мониторингті Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы жүзеге асырады. Мониторинг нәтижелері бойынша 2014 жылы 7,6 млн. скрининг зерттеулер жүргізілді, 2,4 млн. адам қамтылды, сырқаттанушылығы бар 243,4 мың адам анықталды (10,0 %), скринингтік зерттеулердің тиімділігі 10 %-ды құрады, сауықтыру және кейіннен бақылау мақсатында 230 мыңнан астам адам диспансерлік есепке алынды.

2.     МСАК объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Аталған іс-шараны іске асыруға 2014 жылы 6 өңірдің қалалық және аудандық емханалары үшін 206,9 млн.теңге сомаға рентгенологиялық жабдық (рентгенаппараттары, стационарлық және жылжымалы флюорографтар) сатып алынды.

3.     МСАК деңгейінде әлеуметтік қызметкерлер институтын дамыту

Мемлекетітк бағдарлама шеңберінде алғашқы денсаулық сақтау жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап құрамында 2188 әлеуметтік қызметкер әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істейдіжәне 731 психолог бар, ол 2013 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.

4.     Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу

2014 жылы «Пилоттық өңірлерде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізу туралы» ҚР ДСМ  2013 жылғы 1 сәуірдегі                          № 211 бұйрығына сәйкес 2 пилоттық өңір Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының 7 емханасында артериялдық гипертензия, қант диабеті және жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі сияқты 3 нозология бойынша АББ енгізу жалғасын тапты. АББ-лар мақсаты медицина қызметкерлері мен пациент арасындағы денсаулыққа жауапкершілікті бөле отырып, пациент бағдарланған модел құру болып табылатын дәрігер мен пациенттің арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа негізделген, бұл ретте күтілетін нәтижелер созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуын болдырмау, шығыстарды төмендету, дәрілік препараттарды пайдалану тиімділігін ұлғайту болып табылады.

АББ барлық қатысушыларымен АББ-ға қатысу туралы келісімдер, АББ қатысушысының бақылау парағы және пациенттің күнделігі жасалды. Үйлестіру Кеңестері құрылды.

АББ жөніндегі үйлестіру кеңестері құрылды, 2014 жылғы желтоқсанда ұйымдастырушылық мәселелер талқыланған бірінші отырыс өтті. Іс-шараларды тиімді іске асыру мақсатында ұлттық үйлестіру кеңесімен бірге орталықтың 2015 жылға арналған жқмыс жоспары әзірленді.

Халықты АББ енгізу туралы хабардар ету үшін «Казахстанская правда» газетінде (2014 жылғы 26 қарашада №231 (27852) «Управление болезнью»  мақаласы жарияланды. Жұмыс жалғасуда.

5.      Амбулаториялық деңгейде науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру

Клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі – КХ) әзірлеу және қайта қарау денсаулық сақтау саласындағы негізгі басым бағыттар, сондай-ақ кездесетін аурулардың жиілігі ескеріле отырып жүргізілді. ҚР ДСМ бұйрықтарымен жұмыс топтарының құрамдары және 2014 жылғы 1 және 2-жартыжылдықтарында әзірлеуге және қайта қарауға арналған КХ тақырыптарының тізбесі бекітілді (ҚР ДСМ Жауапты хатшысының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 177 және ҚР ДСМ 2014 жылғы                              13 қазандағы № 139 бұйрықтар).

2014 жылы КХ базасын жетілдіру шеңберінде 255 КХ қайта қаралып әзірленді.

6.                  Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру тетіктерін әзірлеу

Азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақату жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасына азаматтардың ғана емес, жұмыс берушілердің де денсаулықты ынтымақты ортақ жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған мынадай жасау  нормалар енгізілді:

1) 155-бапта – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті медициналық қараудан-тексеріп, профилактикалық қараудан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу;

2) адамдардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуі үшін жағдай жасауға жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігін қалыптастыру тәртібін бекіту;

3) пациент пен денсаулық сақату субъектісінің арасында ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шарт жасалды.

Қазіргі уқатыта Заң жобасы ҚР Парламентінің Сенатында.

7.                  Жастардың денсаулық орталықтарында   саламатты өмір салты аспектілері және аурулардың профилактикасы бойынша таралған ақпараттық-оқу материалдарының саны

Жастар денсаулық орталықтарының (бұдан әрі – ЖДО) саны 2014 жылы – 87, оларда 487,0  мыңнан астам салауатты өмір салты аспектілері және аурулардың профилактикасы бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Барлығы ЖДО-ларға 298,8 мыңнан астам адам жүгінген.

   

1.1.2-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

5

6

1.                  Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.

деректер

100 мың халыққа шаққанда

205,9

168,41
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

2.                  Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.

деректер

100 мың халыққа

95,8

91,79
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

3.                  Жарақаттардан, жазатайым оқиғадан және уланудан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.

деректер

100 мың халыққа

92,1

87,86
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

4.                  Туберкулезден болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

100 мың халыққа

5,5

4,7
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

5.                  Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халыққа

71,4

66,4
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

6.                  АИТВ инфекциясын 15-49 жастар тобында таралуын 0,6-дан асырмай ұстау

ДСӘДМ деректері

%

0,6

0,168 (алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

7.                  І-II кезеңде анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағын арттыру

ДСӘДМ деректері

%

55,1

55,4

Қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

8.                  Қатерлі ісіктері бар науқастардың 5-жылдық өміршеңдік үлес салмағын арттыру

ДСӘДМ деректері

%

50,6

50,2

99,2% -ға қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

9.                  15-17 жастағы балалар арасындағы суицидті төмендету

Стат.деректер

%

17,5

16,1
(10 ай алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

10.              Психологиялық бұзылуларымен және мінез-құлықтық бұзылулармен бірінші рет сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халыққа

90,0

59,0
(9 ай алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

11.              Стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің жиынтық көлемінде стационарды алмастыратын технологиялардың үлес салмағын ұлғайту

ДСӘДМ деректері

%

30

31,4

Қол жеткізілді

12.              Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінде енгізілген инновациялық медициналық технологиялардың саны

ДСӘДМ деректері

бірлік

14

14

Қол жеткізілді

13.              Даярлаудан және қайта даярлаудан өткен онкологиялық қызмет мамандарының саны

Ел ішінде

ДСӘДМ деректері

146

146

Қол жеткізілді

Шет елде

ДСӘДМ деректері

97

107

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

1.      Әлеуметтік мәні бар  ауруларды диагностикалау және емдеу стандарттарын жетілдіру және енгізу

Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеу стандарттарын жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы                 29 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен (ҚР Әділетминінде 2014 жылғы                           29 қаңтарда № 9108 болып тіркелді) ҚР халқына, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық әлеуметтік оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленіп бекітілді, енгізу 2014 жылдан басталды.  Науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған кешенді медициналық қызметтер ретінде медициналық оңалту көрсету тәртібін регламенттейді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен (бұдан әрі - КДК\АДК ТБ) науқастарды емдеу схемасы мен режимі жөніндегі нұсқаулық бекітілді.

2.      Зертханалық диагностикалаудың жаңа стандарттарын енгізу

Дүниежүзілік Банк Жобасы шеңберінде зертханалық диагностиканың жаңа стандарттарын енгізу мақсатында халықаралық консультанттар тартылды. Аталған жұмыс шеңберінде зертханалық қызмет жағдайына бағалау жүргізілді, бағалау нәтижелері бойынша ҚР зертханалық қызметін дамытудың ұлттық стратегиялық жоспары, сапа менеджменті жүйесі бойынша нұқсаулық әзірлеу қолға алынды. Бұл жұмыс шеңберінде Ұлттық клиникалық референс-зертхана және 4 сараптамалық зертхана құру жоспарлануда. 2015 жылы жұмыс жалғасады.

3.      Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салу

Іс-шара мерзімі басталған жоқ.

4.      Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған радиациялық онкологияның 5 өңірлік жоғары технологиялық орталығын құру

Астана, Алматы, Ақтөбе және Семей қалаларындағы жоғары технологиялық радиациялық онкология орталықтарын жарақтандыру үшін 10,4 млрд. теңге сомаға заманауи радиологиялық жабдық (желілік жеделдеткіштер, компьютерлік томогрофтар) сатып алынды.

Қазіргі уақытта, сатып алынған жабдыққа инсталляция жүргізілуде. Аталған орталықтарды іске қосу 2015 жылғы 1-жартыжылдыққа жоспарланған.

5.      Симуляциялық орталықты және 2 ядролық медицина орталығын құру

Онкология және Радиология ҒЗИ базасында онкологиялық қызмет мамандарын заманауи кішіинвазивті хирургиялық емдеу әдістеріне оқыту үшін симуляциялық орталық құру жоспарланған. Осы мақсаттар үшін хирургиялық роботталған жүйе сатып алу жоспарланған, роботталған хирургиялық жүйені орнатуға арналған алаңдар дайындалды.

Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің базасында ядролық медицина корпусының құрылысы (Семей қаласының ПЭТ-орталығы) аяқталуда. Аталған жобаны іске асыру қаржылық қаражаты қамтамасыз етілген және республикалық бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылуда. ШҚО Құрылыс басқармасының атынан ШҚО әкімдігі тапсырыс беруші болып табылады, объектіні тапсыру 2015 жылға жоспарланған.

2015 жылы ҚазОРҒЗИ базасында ПЭТ орталығының ТЭН әзірлеу және сараптау жөніндегі инвестициялық ұсынысқа және және оның 2016-2017 жалдардағы құрылысына ҚР ҰЭМ-ның оң экономикалық қорытындысы бар.

6.      Онкологиядағы қазіргі заманғы технологияларды енгізу

Заманауи технологияларды енгізу жалғасуда. ҚазОРҒЗИ базасында сүт бещін, дауыс протездерін, буындарды эндопротездеу бойынша операциялар жүргізіледі.

Онкологиялық қызметті дамытудың маңызды бағыттарының бірі тиімді дәрілік терапияны жүргізуге мүмкіндік беретін инммунды гистохимиялық зерттеулер жүргізу болып табылады. Құрылған 3 референс-орталықтармен онкологиялық диспансерлердің патоморфологиялық зертханаларында 2014 жылға (алдын ала деректер бойынша) 12,0 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық окнологиялық диспансерлер 2014 жылдан бастап телепатологияға арналған жабдықпен жарақтандырылуда, ол ҚазОРҒЗИ-дан және референс-орталықтардан диагноздарды верификациялау мен емдеу тәсілдерін айқындау бойынша қашықтықтан консультация беруге мүмкіндік береді.

7.      Ел ішінде және шетелде онкологиялық қызмет мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру

005 бюджеттік бағдарлама шеңберінде алдыңғы қатарлы халықаралық медициналық технологияларды игеру үшін 2014 жылы алыс және жақын шет елдердің жетекші клиникаларының базаларында (Чехия Республикасы Мотол университет ауруханасының базасында; Г.Руссия атындағы Институттың базасында, Франция.  Риж шығыс клиникалық университет ауруханасы, Н.Н.Александров атындағы онкология және медициналық радиология орталығы, Миниск қаласы, Беларусь және басқалары) онкологиялық қызметтің 107 маманы сүйек кемігінің гематологиясы мен трапнсплантологиясы, омыртқа хирургиясы, бас пен мойын ісіктері кезіндегі кіші инвазивтік хирургия және басқа да өзекті мәселелер бойынша оқытылды.

«Ruđer Medikol Ciklotron d.o.o.» (Загреб, Хорватия) инстиутының базасында Семей қаласының ҚОД 4 инженері арнайы желдетуге қызмет көрсету және радиопрепараттардың өндірісін ұйымдастыру мәселелеріне оқытылды. Семей қаласының ҚОД 5 инженері БИОНТ (Словакия) компаниясыннда радиофармпрепараттардың өндірісін ұйымдастыру және циклотронға қызмет көрсету бойынша оқудан өтті.

Балалар онкогематологиясы мәселелері бойынша, мамандар Германияның Берлин қаласындағы «Шарите» унивесритет клиникасының және Мәскеу қаласындағы базаларында оқыды. Балалар гематологиясы, окнологиясы және иммунологиясы федералды ғылыми-клиникалық орталығын

8.      Халықаралық стандартқа сәйкес онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларды қазіргі заманға сай диагностика және емдеу әдістерін енгізу

Халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық аурулары бар балаларды диагностикалау мен емдеу әдістерін енгізу мақсатында онкопатологиясы бар балаларды емдеу республикалық 2 орталықта – Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК-да және «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да жүзеге асырылады.

Неміс мамандарымен бірге Қазақстанға бейімделген балалардың онкологиялық ауруларын диагностикалау мен емдеудің 14 клиникалық хаттамасы әзірленді және бекітілді, аталған хаттамаларды қаржыландыру үшін 70-тен астам медициналық-экономикалық тариф бекітілді.

Сүйек кемігін аллогенді және аутологиялық трансплантациялау сияқты диагностиканың жаңа әдістері мен терапияның инновациялық әдістері енгізілді.

Химиотерапия мен қолдаушы терапияның қарқынды курсынан кейін балаларға оңалту көмегі «Бурабай» Республикалық балаларды оңалту орталығында және Алматы қаласындағы «Алатау» Республикалық балалар санаторийінде жүргізіледі.

Балалардың онкологиялық және гематологиялық ауруларын ерте диагностикалауды ұйымдастыру үшін 2014 жылы республиканың шалғай өңірлерінен 1,5 мыңнан астам педиатр мен жалпы практика дәрігері оқытылды.

9.      Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу

Барлық өңірлерде туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметітк қолдау шаралары іске асырылуда. Бұл ретте, динамикада туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету артқаны байқалады. Мәселен, 2014 жылы көрсетілген мақсаттарға республика бойынша 553,6 мың теңге (2013 жылы – 403,2) бөлінді, әлеуметтік көмекке арналған бюджеттің үлес салмағы туберкулезге қарсы іс-шараларды жалпы қаржыландырудан 2013 жылғы 1,1 %-дан 2014 жылы 1,6 %-ға артқан.

10.  Емі аяқталмаған туберкулезбен ауыратын науқастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды іздеу және емін жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, туберкулезбен ауыратын науқастарды қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінен босату кезіндегі  ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетігі жетілдірілді. ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын ҚР ІІМ 2014 жылғы                      19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілді, оған сәйкес ҚАЖ медициналық қызметі жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін уақытынан бұрын (1 ай бұрын) және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға күнтізбелік 15 күн бұрын туберкулезге қарсы күресу ұйымдардын босатылатын адамдар туралы хабардар етеді. ҚАЖ мекемесінен босатылғанда адамдар босатылған күннен бастап күнтізбелік уақытынан кейін, 5 күн ішінде диспансерлік есепке тіркелуге тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 173-бабына сәйкес мекемелерден босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде емделудің толық курсынан өтпеген, айналасындағыларға қауіп төндіретін туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастар босатылғаннан кейін сот шешімі бойынша босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы күрес ұйымдарында мәжбүрлі түрде емдеуге тиіс.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер 2015 жылғы                             1 қаңтардан баста қолданысқа енгізілді.

11.            АИТВ жұқтырған науқастардың вирустық жүктемесін анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасыз ету

2014ж. АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың вирустық ауыртпалығын анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханасына Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде                19 жинақ және Жарандық Қор арқылы 73 жинақ сатып алынды. 3707 зерттеу жүргізілді.

12.            Медициналық жедел жәрдем қызметі стансаларының және стационарлардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру

2013 жылы 022 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде халыққа, оның ішінде шалғай орналасқан елді мекендердің халқына  уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметіне заманауи медициналық жабдықпен және новигация жүйесімен 140 бірлік жарақтандырылған санитариялық автокөліктің сатып алынды.

13.            Санитариялық авиация қызметінің жұмысын үйлестіру және мониторингілеу

Санитариялық авиация қызметінің жұмысын үйлестіру және мониторингін Республикалық санитариялық авиация орталығы жүзеге асырады, 2014 жылы барлығы 1875 ұшу, 1736 тасымалдау, жергілікті жерлерде 140 операция, 491 консультациялық қызмет жүзеге асырылды.

Барлығы 2367 пациентке, оның ішінде акушериялық-гинекологиялық патологиясы бар 429 әйелге, туа біткен патологиясы бар 390 балаға, балалық шақтағы патологиясы бар 538 балаға, жарақаты бар (оның ішінде ЖКО-дан 183 зардап шеккен), ҚАЖ бар 342 пациентке және өзге аурудары бар 171 пациентке 2393 медициналық қызмет көрсетілді.

1.1.3-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

5

6

1.                  В вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа

3,4

0,63

(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оң нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

2.                  А вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа

4,9

4,87

(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

1.     А вирустық гепатитке қарсы профилактикалауға жататын халықты вакциналаумен қамту

Есепті кезеңде А вирусты гепатитке қарсы вакцинациялаумен 427,0  мың адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 413,1 мың бала, 15-17 жастағы 1,2 мың жасөспірім, ауру ошағымен байланыстағы 11,5 мың бала қамтылды.

2.       В вирустық гепатитке қарсы профилактикалауға жататын халықты вакциналауме қамту

Есепті кезеңде В вирусты гепатитке қарсы вакцинациялаумен 1 жасқа дейінгі  365,4  бала қамтылды, ол жоспарланғандары санының 99,4 %-ын  құрайды.

1.2-мақсат. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары: 010, 011

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

5

6

1.   Ана өлімін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың тірі туғандарға шаққанда

12,4

11,8

(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оң нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

2.   Нәресте өлімін төмендету

Стат.

деректер

1000 мың тірі туғандарға шаққанда

11,2

9,83

(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

3.   ДДҰ ұсынған, 2008 жылдан бастап енгізілген тірі туу және өлі туу критерийлерін есепке ала отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың өлімін төмендету

Стат.

деректер

1 000 тірі туғандарға шаққанда

13,4

12,0
(9 ай алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оң нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

1.2.1-міндет. Ана мен бала денсаулығын нығайту

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

5

6

1.  Босандыру мекемелерінде есепке уақтылы тұрған жүкті әйелдердің үлесі

ДСӘДМ деректері

%

75,5

75,5 (алдын ала деректер)

Қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

2.  Аборттардың таралу деңгейі

ДСӘДМ деректері

фертильді жастағы 1000 әйел халыққа шаққанда

18,2

18,2

(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

3.  Экстракорпоралдық ұрықтандыру циклдарының саны

ДСӘДМ деректері

цикл

600

 

600

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

1.          Перинаталдық медициналық көмек көрсетуді өңірлендіру және акушериялық және педиатриялық медициналық көмек көрсету хаттамалары мен стандарттарын дәлелді медицина негізінде енгізу (әзірлеу және тираждау)

Есепті кезеңде дәлелді медицина негізінде босандыру және балалар саласында 77, оның ішінде педиатрия бойынша 55, акушерия мен гинекология бойынша 22 клиникалық хаттама әзірленіп, бекітілді.

2014 жылғы 20 мамырдағы № 275 бұйрықпен Балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

«Қазақстан Республикасында 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық көмек көрсету стандартының», «Қазақстан республикасының халқына акушериялық көмек көрсету стандартының» жобалары бекіу сатысында. Бұдан басқа, қазіргі уақытта 42 клиникалық хаттама әзірленді және бекіту сатысында.

2.          Көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жетілдіру, халықаралық стандарттарға сәйкес балалар және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын заманауи медициналық жабдықтармен нығайту көмек көрсету деңгейімен сәйкес жүзеге асырылады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1-деңгейдегі перзентханаларды медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі   61 %,-ды, 2-деңгейде -70 %,                3-деңгейде  жарақтандыру   71%-ға жетті.

3.          Тиімді перинаталдық технологиялар және бала жастағы ауруларға ықпалдастыра ем жүргізу бойынша каскадты оқыту

Облыстық балалар және босандыру ұйымдарының жанындағы өңірлік оқу орталықтарының базасында бала жастағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бұдан әрі – БЖАЫЕ), емшек сүтімен қоректендіру, тиімді перинатальдық көмек бойынша 2,4 мың дәрігер және 4,8 мыңнан астам орта медицина қызметі оқытылды.

2014 жылы аналарға арналған «5 жасқа дейінгі баланы дамыту бойына жеке карточка» және мейіргерлерге арналған балаларды тамақтандыру және психомоторлық дамыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, сондай-ақ халық үшін 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру және психомоторлық дамыту, аурулар кезіндегі қауіпті белгілер бойынша, емшек сүтімен қоректендіру маңыздылығы туралы 6 бейнеролик әзірленді. «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ бірге 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру бойынша оқыту фильмі түсірілді.

Республикалық орталықтың базасында ұлттық үйлестірушілерді, денсаулық сақтау менеджерін, медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау қызметінің сарапшылары, жоғары оқу орындарының оқытушыларын қамти отырып, Италиядан халықаралық консультанттың қатысуымен емханалық және стационарлық көмек көрсету сапасын бағалау құралдарын енгізу бойынша 2 тренинг өткізілді.

4.          ЭКҰ циклдерін жүргізудің ұлғаюы бөлігінде ТМККК-ні кеңейту

2014 жылы экстракорпоральды ұрықтандыру циклдарының саны 600 құрады, ЭКҰ-ны өңірлер бойынша бөлуді ҚР ДСМ Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы бекітеді.

ЭКҰ бағдарламанларын жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, босанулардың және тірі туған балалардың саны 2015 жылғы қазанда нақтыланатын болады. 2015 жылға 750 цикл жүргізу жоспарланған.

5.          Тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ана мен бала өлім-жітімінің әрбір жағдайы бойынша сараптамалар жүргізу

Ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету жөніндегі жүйелі шаралар шеңберінде  барлық жағдайларда, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып сараптама  жүргізіледі. Сараптама нәтижелері бойынша материалдар басқарушылық шараларын қабылдай отырып, ана, нересте өлімін және қан айналым жүйесі ауруларынан болатын  өлім-жітімді төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі Республикалық штабтың отырыстарында қаралды.

Бұдан басқа, «Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесі»  ақпаратық жүйесінде халыққа стационарлық көмек көрсетудің сапасына күн сайын автоматтандырылған сараптама жүргізіледі, нәтижелері бойынша  медициналық қызмет көрсету ақаулары анықталған  жағдайда, медициналық ұйымдарға емделіп шыққан жағдайларға ақы төлемеу түрінде экономикалық ықпал ету шаралары қолданылады. 

6.         Босандыру ұйымдарында акушерлік асқынулардың қиын жағдайларын және ана өлім-жітімінің құпия аудитін жүргізу

Қазақстанда қазіргі ресми аудитпен қатар 2009 жылдан бастап ДДҰ ұсынған ана өлім-жітімін жағдайларының құпия аудитін енгізу жалғасуын тапты. Жыл сайын ана өлімінің барлық жағдайлары қамтылады, 2014 жылы ана өлім-жітімінің жағдайы 100 % қамтылды, 2015 жылдан бастап акушериядағы қиын жағдайлардың құпия аудит Қазақстан Республикасының енгізу жоспарлануда.

Ана өлімінің құпия аудитінің орталық комиссиясы жұмыс істейді. Қарашада ДДҰ Ана өлім-жітімінің бағалау жөніндегі ведомствоаралық бағалау тобы 2011-2013 жылдардың қорытындысы бойынша құпия аудит жөніндегі Қазақстан Республикасының есебіне жоғары оң баға берді.

2014 жылы еліміздің 3 өңірінде (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) қиын жағдайларға аудит жүргізу бойынша көшпелі 3 тренинг жүргізілді, 77 маман (оның ішінде 7 психолог, 25 акушер-гинеколог, 25 акушер, 10 анестезиолог-реаниматолог, 10 неонатолог) оқытылды. Акушериялық асқынулардың қиын жағдайларына аудит енгізудің сыртқы мониторингісі 7 өңірде (Тараз, Шымкент, Алматы, Өскемен, Семей, Қарағанды, Теміртау және Астана) өткізілді, 13 медицина ұйымдар қамтылды. Мониторинг қорытындысы Шымкент қаласында өткен ББҰ-ның Ұлттық халық саласындағы қорын (ЮНФПА) техникалық қолдаумен «Ана өлім-жітімі жағдайларына құпия аудитті және қиын жағдайлар аудитін енгізу үдерісі» атты республикалық кеңесте айтылды.

7.          Ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу

Министрлік ЮНИСЕФ-пен және ДДҰ-мен бірлесіп аналарды 5 жасқа дейінгі балаларды күтіп-қарау қағидалары бойынша хабардар ету жөнінде кең ауқымды науқан жүргізеді. Жас ата-аналар үшін «5 жасқа дейінгі баланы дамыту бойынша жеке карточка» шығарылды, онда баланың дамуын бақылау күнделігі және күтіп- қарау жөнінде кеңестер көзделген.

2011 жылдан бастап басым бөлігі ана мен баланың денсаулығын сақтауға бағытталған әлеуметтік жобалар («Дені сау отбасы», «Консультациялық қызу желінің контрацепция, ЖЖБИ/АИТВ профилактикалау мәселелері бойынша қызметі», «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын сақату», «Ана мен бала», «Отбасы бәрін істей алады») іске асырылуда. Аталған бағытта жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық өңірлерде халық арасында, оның ішінде жастар арасында 2014 жылы 2,2 млн.астам іс-шара, оның ішінде салматты өмір салтын насихаттау, қауіптер мен аурулардың мінез-құлық факторларын профилактикалау бойынша ақпараттық науқандар, айлықтар,                   онкүндіктер, спорттық-көпшілік іс-шаралар жән т.б. ұйымдастырылды.

2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

2.1-мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары: 001, 002, 011, 018, 019, 020, 021, 022, 023

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

 

1

2

3

4

5

6

1.                   Халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейі, соның ішінде

ДСӘДМ деректері ЖАО

%

 

90,5 %

 

90,7 %

Қол жеткізілді

Қала

   

92,2 %

92,4

Қол жеткізілді

Ауыл

   

88,8 %

88,9

Қол жеткізілді

2.                  ТМККК шеңберінде бірыңғай дистрибуция  жүйесі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

ДСӘДМ деректері

ИДМ ЖАО

%

 

80 %

80 %

Қол жеткізілді

3.                  ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді жеке берушілердің үлесін арттыру

ДСӘДМ деректері

ЖАО

%

29,4

34,3

Қол жеткізілді

ТіркемеМөлшер
Office spreadsheet icon 7_razdel_kaz.xls274 KB
Microsoft Office document icon otchet_sp_kaz_na_razmeshchenie.doc1.21 MB
20 ақпан, 2015 - 23:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші