check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Квота бөлу туралы» 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Квота бөлу туралы» 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнi ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Д.Р. Арғындықовқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                   Т. Дүйсенова

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_gos.doc110 KB
Бөлімдер:
24 ақпан, 2015 - 11:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші