check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2015 жылдың 1 ақпанына тартылған шетел жұмыс күші туралы ақпарат

2015 жылдың 1 ақпанына

тартылған шетел жұмыс күші туралы

ақпарат

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.  

2015 жылға квота республиканың экономикалық белсенді халқына 63 мың бірлікті құрайтын 0,7% көлемінде квота белгіленді (2014ж. - 0,7% немесе 63 мың).

2015 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 30,4 мың шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды, олардың ішінде келесі санаттар бойынша:

бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 2 028 адам;

бірінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 6 274 адам;

үшінші (мамандар) – 13 016 адам;

төртінші (білікті қызметкерлер) – 8 900 адам;

маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына – 218 адам тартылды.

Тартылған ШЖК құрамында білікті жұмыс күшінің үлесі 70%-ды құрады (1, 2, 3 санаттар – 21 318 адам).

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 1 594 құрады.

ШЖК тартушы кәсіпорындарда жұмысшылардың жалпы санының 92,3% құрайтын 390,7 мың қазақсандық азамат жұмыс істейді.

Еңбек мигранттарының басты шығу елдері Қытай – 7 222 адам (23,7%), Түркия – 2 351 адам (7,7%), Индия – 1 183 адам (3,8%), Италия – 1 117 адам (3,6%) және Ұлыбритания – 858 адам (2,8%) болып қалып отыр.

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілер арқылы қазақстандық азаматтар үшін 1 268 жұмыс орнын құрып, 103 қазақстандық азамат кәсіптік қайта дайындықтан, 247 қазақстандық жүмысшы кәсіби даярлықтан өтіп, 574 жергілікті қызметкердің біліктілігін арттырды.

 

 

 

Бөлімдер:
24 ақпан, 2015 - 16:53 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші