A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыс өтілі

        Құрметті   Тамара Дүйсенова ханым, Сізді «8 наурыз» Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Ісіңіз ілгері болсын, шаңырағыңызға шаттық ұяласын. Мен өзімді қысқаша таныстырсам аты-жөнім: Яай Сағынгүл.  6 бала өсіріп, тәрбиелеп отырмын. 2007 жылы Монғолиядан отбасыммен  көшіп келіп, 2008 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алдым.  Қазір Алматы облысы, Қапшағай қаласында тұрамын. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. 1985 жылдан 2007 жылға дейін Баян-Өлгий аймағында  қазақ халқының балаларына сапалы білім, саналы тәрбие беріп, еңбек  істедім. Атамекенге келгеннен кейін де қызметімді жалғастырып, істеп келемін. 2014 жылы қарашаның 14-күні 53 жасқа толдым. Заң бойынша 6 бала өсіріп, тәрбиелеген анаға зейнетақы тағайындалады.  Сол бойынша құжаттарымды жинап жергілікті жердің Әлеуметтік қамсыздандыру орнына тапсырдым. Бірақ екі ел арасындағы  келісімшарттың күші жойылуына байланысты  Монғолияда жұмыстаған жылымның енді есепке алынбайтынын айтты. Зейнетақыны балаларды бағып, өсірген жылдармен  ғана  ең төменгі деңгейінде  есептеді.

          Жұмыс өтілімім туралы Монғолия Респуликасының  Зейнетақымен қамсыздандыру орнына хабарластым .Олар: «Сіз екі ел арасындағы келісімшарттың күші жойылмай тұрғанда көшіп барып, ҚР –ының азаматтығын алдыңыз.  Сондықтан біз сіздің шағымыңызды қанағаттандыра алмаймыз»-деп жауап берді. Көшіп келгенде  екі ел арасындағы келісімшартқа сенім артып,   зейнетақымды дұрыстап аламын деп ойлап едім. Енді бүгінгі күні   сол елде  жұмыстаған 25 жылғы еңбегімнің еш қажеті болмай қалғанына қатты қынжыламын. Сіздің халық қамын ойлап, адамдардың әл-ауқатын жақсарту үшін қажымай –талмай еңбектеніп жүргеніңізді білеміз. Сондықтан осы жағдайды реттеп, оң шешім шығарып береді деп сізге үміт артамын.

Ø  Телефон: 8 775 119 1898,            е-майл:  yaay61@mail.ru

Жауап: 

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

2014 жылдың қазан айында Монғолия Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің күші жойылуына байланысты,  азаматтардың  өзге  елдегі еңбек стажы  зейнетақыны тағайындау  үшін есепке алынбайды.

Зейнеткерлік ісіңіздегі құжаттарыңыз бойынша Сізге көп балалы ана ретінде 2014 жылдың қарашасынан бастап 10 жыл 2 ай (балаларыңыздың туу туралы куәліктер бойынша) еңбек стажыңыз үшін және 2010 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қазан аралығындағы 75 932 теңге орташа еңбекақыңыз (нақты орташа еңбекақыңыз     99 803 теңге болған, бірақ 41 АЕК-пен шектелген) есепке алынып толық емес көлемдегі жасыңызға байланысты зейнетақы тағайындалған.

Бүгінгі күні, Сіздің әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 49 112 теңгені (зейнетақы төлемі – 25 245 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 11 182 теңге және «Күміс алқа» белгісімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы –    12 685 теңге) құрайды және зейнетақыңыз бар еңбек стажыңызға қарай дұрыс тағайындалған.

Жаңа келiсiм жасау мақсатында лайықтылық туралы сұрақ мүдделiлiктiң есептеуiмен қажеттілігіне қарай қаралады.

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 324503
27 наурыз, 2015 - 13:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші