check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бірлескен бағдарламасының Ізгі ниет елшісі Вера Брежневамен кездесті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бірлескен бағдарламасының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Ізгі ниет елшісі, әнші, актриса және тележүргізуші Вера Брежневамен кездесті.   

Кездесуде министр атап өткендей, Қазақстан Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері ішінде АИТВ-инфекциясы аз тараған елдердің қатарына жатқызылады. Қазіргі уақытта республикада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ел азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының таралу көлемі 0,168% құрайды.

Республикада осы кезге дейін ел азаматтары арасында 22109 АИТВ-инфекциясы жағдайы тіркелді. Жыл сайын тұрғындардың 10%-дан астамы тексеріліп, АИТВ-инфекциясын анықтауға бағытталған 2 млн.-нан астам тест жүргізіледі.   

Халықаралық ұсыныстарға сәйкес елімізде профилактика бағдарламаларының барлық компоненттері – АИТВ бойынша тестілеу және кеңес беру, АРТ емдеу, шприц алмастыру, мүшеқаптар мен ақпараттық-білім беру материалдарын тарату шаралары іске асырылады. Және азаматтарды инфекцияға зерттеу, сондай-ақ, қатерлі дертті жұқтырғандарды емдеу толықтай бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Вера Брежнева өз кезегінде, Ізгі ниет елшісі ретінде қызметінде АИТВ дертін жұқтырған әйелдерге және вирустың анадан балаға берілуінің алдын алу проблемаларына ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Ол Қазақстан АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан науқастарды мемлекет есебінен емдейтін Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз мемлекет екеніне тоқталды. «Ең маңыздысы, сіздерде бұл салада жағдай бақылауда. Сіздердің қол жеткізген нәтижелеріңіз – үлкен жетістік. Қазақстанда өз азаматтары үшін жасалып жатқан қамқорлық жоғары деңгейде»,-деді ол.

Қазақстандағы ЮНЭЙДС елдік кеңсесінің директоры Александр Голиусов Орталық Азияда АИТВ/ЖИТС таралуына қарсы іс-шараларда Қазақстанның рөлі нығайып келе жатқанын атап көрсетті. Ол АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бірлескен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) аталған дерттің таралуымен күресте Орталық Азия елдері үшін субөңірлік кеңсесін Қазақстанда ашуды жоспарлап отырғанын айтты.  

Қазіргі уақытта республикада ЮНЭЙДС ұйымының Үшбірлікті қағидалары: бірегей салалық бағдарлама, мониторингілеу және бағалау жүйесі және бірегей үйлестіруші тетік сәтті іске асырылуда. 

Орталық Азияда алғаш рет Қазақстанда АИТВ-инфекциясы жағдайларын бақылайтын электрондық қор енгізілді. Бұл жүйе жүргізілген емнің уақыттылығы мен сапасын бақылауға, елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.   

Қазақстанда АИТВ инфекциясының анадан балаға жұғуына жол бермеу бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары мұндай бірнеше жағдай өзге елдерден келген АИТВ инфекциясын жұртырған және уақытында есепке тұрмаған жүкті әйелдер арасында тіркелді. Жалпы ел бойынша АИТВ дертін жұқтырған жүкті әйелдерді профилактикалық емдеу көлемі - 91,3%, балаларды қамту – 97,3% жетті.  

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНЭЙДС Ізгі ниет елшісі ретінде Вера Брежнева АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады. 

Тегтер:
16 наурыз, 2015 - 09:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші