A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектерге зейнеткерлікке шығуда тағайындалатын зейнетақы туралы

Салеметсіздер ме. 2-ші топтағы мүгедек анам бйыл Алла қаласа желтоқсан айында 58 жасқа толады яғни, зейнеткерлікке шығады. Анам 1975 жылдан 1986 жылға дейін баспаханада баспагер болып жұмыс жасаған. Қорғасын құймаларымен жұмыс жасағаны үшін қосымша төлемдер қарастырылады ма? Содан кейін 1997 жылдың кыркүйек айына дейін жалпы еңбек стажы 22 жылды құрайды.2004 жылдан бастап 2 топ мүгедегі.Естуімше минималды пенсияға 23692 теңгеге базалық пенсия 11182 тенгені қосып 34 000 көлемінде болады дейді. Ендігі зейнетақы қалай, кандай коэффициенттермен  есептелетінін түсіндірсеңіздер. Алдын ала Сіздерге рахмет.

Жауап: 

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыстың орташа айлық табысының  мөлшері болып табылады (негізі: Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы).

1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдар әрі - Қоры) мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.

Егер азаматтардың қажетті еңбек стажы болып, бірақ зейнетақы есептеуге арналған орташа айлық табыс төмен деңгейде болса, немесе табысы туралы анықтамалар болмаған жағдайда зейнетақы төлемі кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалады (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 23 692 теңге).

Айта кететін жайт, зейнетақы төлемінің мөлшері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен төмен болса, зейнетақы мөлшері осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мүгедектік жәрдемақы мөлшеріне жеткізілуі тиіс (негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы).

Қолданыстағы заңнамаларымен зейнетақы төлемдеріне зиянды және ауыр өндірістерде жұмыс істеген үшін қосымша төлемдер қарастырылмаған.

Оған қоса, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Қазіргі кезде қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жоғарыда аталған адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Зейнетақыны тағайындау туралы толық түсінікті алу үшін Сіздің анаңызға қажетті құжаттарымен, тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жолығуға кеңес береміз.

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 325226
10 сәуір, 2015 - 16:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші