A A A
Мазмұнына өту

You are here

Менің сізге тікелей қоятын бірнеше сұрақтарым бар еді

Саламатсыз ба Тамара Дүйсенова.

Менің сізге тікелей қоятын бірнеше сұрақтарым бар еді. 1991 жылдың маусымында, тәуелсіздіктен бұрын екі елдің арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiммен Манғолиядан ата жұртқа бір топ қандастарымыз оралды. Ішінде менің әкемде бар. Енді осы келісім 2014 жылдың қазан айында күшін жойып отыр. Соған сәйкес әкем биыл зейнетке шығайын десе Манғолияда атқарған 25 жылдық жұмыс өтілі есепке алынбайды, елге келгеннен кейінде 25 жылдай қызымет атқарды, алайда зейнетақы төлемдерін есептеу үшін заң бойынша еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана есептеледі. Манғолиядан көшіп келген бауырларымыздың, оның ішінде менің әкемде бар 40-45 жылдық еңбегі есепке алынбай отыр. Келісім күшін жойса 2014 жылы ғана жойды. 1991-1998 жж көшіп келген ағайындар екі ел арасындағы келісім бар кезде келді, ол неге есепке алынбайды? Не бұл жықта, не ол жықта еңбегі еленбеген ат төбеліндей халықтың не жызығы бар? Ата жұртым деп аңсап келген аз ғана жұрттың еңбегі екі елде де ескерусіз қалғанына байланысты осы мәселені қайта қарауларыңыз дұрыс сияқты. Екі ел арасындағы келісім 2014 жылы күшін жойды деп, келісім күшінде болған кезде көшіп келген адамдардың еңбегін шорт кесіп тастамай, бұл қаулыны министрдің құзырымен қайта бекітуге болады ғой. 40-45 жылдық еңбек өтілі бар адамдардың еңбек өтілін тек 1991 жылдан 1998 жылға дейінгі 5-6 жылмен есептеу заң тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да көңілге қонымсыз.

Оның үстінде әкем Хабдрашийн Хуатбек ауыр жұмыстың №1 тізімі бойынша 53 жасында зейнетке шыққан. 2014 жылдың қазан айында күшін жойған қаулыға байланысты 63 жысқа толатын әкемнің еңбек өтілін 2-рет қараудың керегі қанша? Бұрынғы еңбек өтілімен қалдырып 1998 жылдан бергі еңбек ақысын қайта есептеп толық қанды зейнетақы алуына көмектесіңіз.

Жауап: 

Сіздің әкеңіз Хабдрашийн Хуатбек, 2005 жылдың 6 желтоқсаннан бастап «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде №414 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушысы ретінде 18 671 теңге алып келеді.

Аталған Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.

Ынтымақты зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 11-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстанда және Қазақстанмен шартты қатынастарда болған басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі №327 «Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің күшін жою туралы» қаулысына сәйкес Келісімнің 2014 жылғы 9 қазанда күші жойылғанын хабарлаймыз.

Осының негізінде, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Монғолия Республикасындағы еңбек өтілі есепке алынбайды.

 

 

 

 

 

орынд. Ғ. Иманғали

тел. 743298

 

Сұрақтың нөмірі: 325628
10 сәуір, 2015 - 17:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші