A A A
Мазмұнына өту

You are here

2015 жылдың сәуір айының 1-ші күніне мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

      Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2015 жылдың 1 сәуіріне аз қамтылған отбасылар қатарындағы 26 мың азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Атаулы әлеуметтік көмектің санында  66,5 пайызы балаларға, 5,8 пайызы өздігімен қамтылғандарға, 6,1 пайызы жұмыссыздарға, 0,9 пайызы еңбекке жарамды жастағы адамдарға тайындалған.  Республика  бойынша  аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері  3530,3 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  56,1 пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

 

18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

        Аймақтық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2015 жылдың сәуір айының 1 күніне  мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған балалар саны 419,7 мың адамды құрайды. Оның ішінде  ауыл тұрғындардың үлесі 72,1 пайыз. Мемлекеттік әлеуметтіктің көмектерге (АӘК, БМЖ, тұрғын үй көмегі) тағайындалған  қаржының 85,1 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына арналған.  Республика  бойынша  БМЖ  1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 2041,3 теңгені құрайды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға  бөлін-ген  қаражаттың  72,3 пайызы  ауыл тұрғындарына жіберілген.

Тұрғын үй көмегі

           Аймақтық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының   жедел мәліметтері бойынша 2015 жылдың сәуір айының 1 күніне тұрғын үй көмегі 59,1 мың отбасына  тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің үлесі  барлық мемлекеттік әлеуметтік көмектердің (АӘК, БМЖ, тұрғын үй) ортақ санынан 11,7 пайызды құрайды. Аталған көмектің  бірайлық ортақ мөлшері 4514,9  теңге.

 

 

 

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

18 жасқа дейінгі балаларға  мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Тұрғын үй көмегі*

 

алушылар (мың.адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың.адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың.отбасы)

орташа мөлшері (теңге)

 

 

Қазақстан

26

3530,3

419,7

2041,3

59,1

4514,9

 

 * жедел мәліметтер

10 сәуір, 2015 - 11:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші