A A A
Мазмұнына өту

You are here

зейнетақыма қосымша ақы қосsла ма әлде "Күміс алқа" тиесілі ме?

Сәләматсыздар ма?!

Мен Б. Құспанова өмірге жеті бала дүниеге алып келдім. Үлкенім 1959 жылы туылған болса, кенжем 1979 жылғы болатын. Бірде теледидар қарап отырып, бір бағдарламадан жеті бала не болмаса одан да көп бала дүниеге алып келген аналар болса, алайда олардың балалары 8 жастан асып дүниеден озса, оларға белгілі бір шекте зейнетақысына қосымша қаражат төленеді деп жауапты мамандардан естіген едім.

Енді менің сұрап-білгім келгені төмендегідей. Үлкен Ұлым, яғни 1959 жылы туылған ұлым осыдан тоғыз жыл бұрын 47 жасқа қараған шағында ауырып көз жұмды, ал кіші ұлым 1981 жылы кішкентай жасында о дүниеге аттанды. Бүгінгі күні бес балам өз алдарына отау құрып, еңбек етуде. Дүниеге көп бала алып келгенім үшін Кеңес одағы кезеңінде ІІІ дәрежелі белгімен тағы да басқа белгілермен марапатталдым. Тізе берсем жеткілікті. Өзім ұзақ жылдар бойына балабақшада аспаз болып қызмет атқардым. Қазіргі таңда еңбек демалысындағы зейнеткермін. Менің білгім келгені маған "Күміс алқа" не болмаса зейнетақыма қосымша қаражат тиесілі ме? Ұлым 8 жасынан асып қайтыс болды. Жергілікті жердегі құзырлы органдар маған тиесілі, нақты жауап қатпай отыр.  Ендігі кезекте Сіздер маған Заң бойынша нақты әрі дәлелді жауап береді деген үміттемін. Рахмет! 

Жауап: 

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 28-бабында, Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiлетіні көрсетілген.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілікке хабарласуыңыз қажет.

орын. эксперт К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 326783
17 сәуір, 2015 - 12:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші