A A A
Мазмұнына өту

You are here

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚРҮ 2015.03.11 № 123 қаулысына өзгерістер

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары  бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1) скринингтік зерттеулер жүргізуге:

         әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;

         ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға;
         Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы, Астана мен Алматы қалаларындағы ерлер арасында қуықасты безі обырын анықтауға;

         Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш обырын, асқазан және бауыр обырын анықтауға;

         сүт безі обыры бойынша скринингтің екінші кезеңін жүргізуге;»;

         6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді ауруханалардың бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуға және олардың жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қоспағанда, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті орган бекіткен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.»;

          4-тарау алып тасталсын.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                               К. Мәсімов

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon tusinik.doc49.5 KB
Microsoft Office document icon salstyrma.doc67.5 KB
23 сәуір, 2015 - 17:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші