A A A
Мазмұнына өту

You are here

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту шеңберінде жүргізілген реформалар бойынша «Кәсіпорындар ашу» индикаторы туралы

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту шеңберінде жүргізілген реформалар бойынша «Кәсіпорындар ашу» индикаторы туралы кәсіпкерлер үшін ақпарат

«Doing Business» рейтингі шеңберінде «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының                2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына (бұдан әрі – ЖОМС Заңы) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасау мерзімі ұзартылған өзгерістер енгізілді. (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269 Заңы).

Егер ЖОМС Заңына өзгеріс енгізуге дейін жұмыс беруші мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде сақтандыру шартын жасасуға міндетті болған болса, қазіргі уақытта жұмыс беруші қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті (ЖОМС Заңының 8-бабы 2-тармағы 1-1) тармақшасы).

Заң жүзiнде тағайындалған сақтандыру шартын жасау мерзімі кәсіпорынның ашылуына және ресми тіркелуіне кедергі келтірмейді, сондай-ақ сақтандыру шартын жасауға дейін қызметті жүзеге асыру бойынша жаңадан құрылған кәсіпорынның құқықтарын шектемейді, себебі Еңбек кодексімен сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда тікелей жұмыс берушімен олардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған. (ҚР Еңбек кодексінің 164-бабы).

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon doing_business.doc49 KB
4 мамыр, 2015 - 15:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші