A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Doing Bussiness» анықтама

2016 жылға қарай Дүниежүзілік банктің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 105-р «Doing Bussiness» рейтінгінің алғашқы 30 елдің қатарына ену жөніндегі шаралар жоспарының  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген  24-тармағында «Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау» индикаторын есептеу әдіснамасын таныстыру  көзделген.

Сонымен қатар, қазіргі уақыттақа дейін әдіснама әзірленбеген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  2015 жылғы 3 сәуірдегі № 10-1-21/1909-И хатпен «Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау» индикаторын есептеу әдіснамасы туралы Дүниежүзілік банкке сұрау жіберді.

Дүниежүзілік банктін ақпараты бойынша Вашингтон қаласына «Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау» индикаторын есептеу әдіснамасы туралы сұрау дайындалды.

Осы индикаторды одан әрі  зерттеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, ол  Дүниежүзілік банктің «Doing Bussiness» рейтингінің есептеуіне енгізілмейді.

«Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау» индикаторын есептеу әдіснамасы жоқ екенің ескере отырып, қазіргі кезде оның рейтингін арттыру бойынша  нақты ұсыныстар әзірлеу мүмкін емес.

Соған қарамастан, Министрлік еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар қабылданды, еңбек заңнамасын қолдану бойынша  ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізуде.

1. «Қазақстан   Республикасының   кейбiр  заңнамалық актiлерiне  кәсіптік  одақтардың  қызметі және еңбек  қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан   Республикасының Заңы қабылданды.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзу тәуекелдерін ескертуді күшейтуге және мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Бақылау субъектісіне бару түрінде мемлекеттiк бақылаудың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып ескерту-профилактикалық сипаттағы қажетті ақпаратты сұратудың өзге де нысандары көзделген.

Бақылау субъектісіне бару кезінде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.

Сонымен қатар, 2016 жылға қарай Дүниежүзілік банктің «Doing Bussiness» рейтінгінің алғашқы 30 елдің қатарына ену жөніндегі шаралар жоспарын жүзеге асыру жөнінде құрылыс объектілерінде еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында тексеру жүргізу мерзімін азайтуды көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер Министрлік тарапынан келісілген техникалық күрделі объектілерге жататын 30күннен

- 5 жұмыс күнінен асырмай және 5 жұмыс күніне дейін ұзартуды, сондай-ақ техникалық күрделі объектілерге жатпайтын;

- 6 сағат жұмыс күніне асырмай және 12 сағат жұмыс күніне дейін ұзартуды, техникалық күрделі объектілерге жатпайтын көздейтін.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде сыбайласжемқорлық

    2. Жаңа «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодекс шеңберінде еңбек заңнамасын бұзғаны,  м жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтарғаны, ұжымдық шарт (келісім), келiсiм жасасудан негiзсiз бас тартқаны, ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамағаны немесе бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық құрамын нақтылау көзделеді.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне:

- жұмыс берушіні қоғамдық инспектормен анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы талаптардың қаралуының нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабарлауға  міндеттейтін толықтырулар;

- - қоғамдық инспекторды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекеттесу жөніндегі уәкілеттіктеріне бөлеу жөніндегі толықтырулар;

- кәсіподақтардың:

еңбек жағдайларын зерттеу үшін және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану үшін кәсіподақ мүшелерінің  жұмыс орындарына бару құқығын;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  комитетінің (комиссиясының) құрамында жұмыс берушімен бірлесіп еңбекті қорғау талартарының  қамтамасыз етілуін, өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың  алдын алу жөніндегі бірлескен әрекеттерін ұйымдастыруға деген құқықтарын бекітетін толықтырулар енгізілді.

Бөлімдер:
21 мамыр, 2015 - 15:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші