A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттiк бз төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мәж, маж тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан                айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр            жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы                 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы                      21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

         1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік базалық жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

         2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде             мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды             қамтамасыз етсін.

         3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

         4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының бесінші бөлігін қоспағанда, оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрі                                                                              Т. Дүйсенова

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

_____________________Ә. Исекешев

2015 жылғы «____» __

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pravila-kaz-posl.doc650 KB
Бөлімдер:
27 мамыр, 2015 - 15:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші