A A A
Мазмұнына өту

You are here

Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

және зейнетақымен қамсыздандыру

саласындағы мемлекеттік монополия

субъектіcі іске асыратын көрсетілетін

қызметтерге бағаларды бекіту туралы

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»                                       2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының                                                            20-бабының  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:
  1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
  2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің   бағалары бекітілсін.

2. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі                                                  Т. Дүйсенова

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушы

М. Құсайынов __________________

2015 жылғы «_____»________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pril_1_k_prik_mzsr_kaz.doc41.5 KB
Microsoft Office document icon pril_2_k_prik_mzsr_kaz_.doc54 KB
Бөлімдер:
4 маусым, 2015 - 16:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші