Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін азаматтық қызметшілердің штат санының лимитін бекіту туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 8-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін азаматтық қызметшілердің штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес бекітілген үлгілік сан нормативтерінің шегінде бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов