A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі
         № 279 бұйрығына

              1-қосымша

      

 

 «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

2) порталда – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

3) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

4) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «портал арқылы» броньдауға болады;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама немесе мемлекеттік табыстар органы берген дара кәсіпкерлердің, адвокаттардың, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және кәсіби медиаторлардың табыстары туралы құжат.

Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табыс туралы мәліметтер көрсетілген мұрағаттық анықтама ұсынылады.

«Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасында төленген табыстары туралы жұмыс берушінің анықтамасын ұсынады.

5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

еңбек кітапшасы;

егер еңбек қызметi туралы жазбалар еңбек кiтапшасына енгiзiлмесе немесе түзетулер болса, мұрағат мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар;

білімі туралы құжат;

әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).

Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:

«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы  14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерiнің жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат;

6) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда қосымша: балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттар ұсынылады.

Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттарға (олардың болуына қарай) мыналар жатады:

1) балалардың жеке басын куәландыратын құжаттар;

2) балалардың неке туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);

3) балалардың оқу орнында оқитыны туралы құжат;

4) балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

5) балалардың қайтыс болу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органы берген қайтыс болу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

6) әскери билет;

7) баланы (балаларды) тәрбиелеу, асырап алу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі.

Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда,    1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы                        1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Мемлекеттік корпорация  қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

         Ақпараттық жүйеден тиісті төлемдерді тағайындау немесе зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда, Мемлекеттік корорация қызметкері кідіртпестен өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық

мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті

берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның  және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде

электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы

көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

 

13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

     1)      Министрліктің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

     2)      Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

         16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414» Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары – www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

 «Жасына байланысты зейнетақы

төлемдерін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

                                                            Нысан

 

Ауданның коды _______________________

Қазақстан Республикасы

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің

_________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

 

Өтiнiш

Азамат (ша) _________________________________________________________

                             (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күнi: ______ жылғы «___» ___________

Жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: ______ кім берген: ______

Берілген күні _______ жылғы «___» __________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ________________________________

Облыс ______________________________________________________________

қала (аудан) ________________________________ауыл____________________

көше (шағынаудан) ______________________ үй ________________ пәтер_____

Банк деректемелері:

Банктің атауы _______________________________________________________

Банк шотының №

Шот түрі: ағымдағы _____________ карта шоты _________________________

                        (қажетінің асты сызылсын)

Маған ______________________________________________________________

(жасына байланысты зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

Ескертпе:

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш беру кезінде мүгедектік тобы немесе асырауындағы адамдардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалды/тағайындалған жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқығым бар екені хабарланды.

Табыс туралы анықтамада көрсетілген аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы транзиттік шот айналымдарындағы электрондық үзінді көшірмеге сәйкес келмейтіні немесе толық сәйкес келмейтіні туралы хабарланды (ондай жағдай болса асты сызылсын).

Төленетін зейнетақылар немесе жәрдемақылар мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

 

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1.

 

 

 

2.

 

 

 

 

Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail ________

өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» __________

өтініш берушінің қолы _______________________

Азамат ______________________ өтініші № _____________ болып тіркелді.

Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы «___» ______________

____________________________________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

 

 

 

«Жасына байланысты зейнетақы

төлемдерін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

                                                            Нысан

 

Мөртаңбаның орны

20__ жылғы «___» _______

шығ. № _____________

 

______ жылғы_________  ______ жылғы _________

аралығында жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары

табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы

АНЫҚТАМА

Тегі |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

Аты |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

Әкесінің аты |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

(бар болса)

Негіздеме: __________________________________________________________

(бұйрық, жеке іс парағы, жалақы жөніндегі ведомость, табельдер және басқа)

Салымшының табельдік нөмірі _________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

Төлеуші ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жері

____________________________________________________________________

 

Жыл, айлар

Жалақы (табыс) сомасы

Міндетті зейнетақы жарналары

Міндетті зейнетақы жарналары аударылған күн, төлем тапсырмасының №, қай кезең үшін аударылды
(айлар көрсетілсін)

Ескертпе

Есептелген сомалар

Аударылған сомалар

оның ішінде өсімпұл

дар

1

2

3

4

5

6

7

Қаңтар

 

 

 

 

 

 

Ақпан

 

 

 

 

 

 

Наурыз

 

 

 

 

 

 

Сәуір

 

 

 

 

 

 

Мамыр

 

 

 

 

 

 

Маусым

 

 

 

 

 

 

Шілде

 

 

 

 

 

 

Тамыз

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек

 

 

 

 

 

 

Қазан

 

 

 

 

 

 

Қараша

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан

 

 

 

 

 

 

____ жылғы жиыны

 

 

 

 

 

 

Қаңтар

 

 

 

 

 

 

Ақпан

 

 

 

 

 

 

Наурыз

 

 

 

 

 

 

Сәуір

 

 

 

 

 

 

Мамыр

 

 

 

 

 

 

Маусым

 

 

 

 

 

 

Шілде

 

 

 

 

 

 

Тамыз

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек

 

 

 

 

 

 

Қазан

 

 

 

 

 

 

Қараша

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан

 

 

 

 

 

 

____ жылғы жиыны

 

 

 

 

 

 

Қаңтар

 

 

 

 

 

 

Ақпан

 

 

 

 

 

 

Наурыз

 

 

 

 

 

 

Сәуір

 

 

 

 

 

 

Мамыр

 

 

 

 

 

 

Маусым

 

 

 

 

 

 

Шілде

 

 

 

 

 

 

Тамыз

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек

 

 

 

 

 

 

Қазан

 

 

 

 

 

 

Қараша

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан

 

 

 

 

 

 

____ жылғы жиыны

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы __________ айда ______________________________________ теңге

                                                              (сомасы жазбаша)

Ескертпе:

1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстар туралы анықтамаға «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу, ұстап қалу және аудару жүзеге асырылған табыстардың барлық түрлері енгізіледі; егер өтініш берушінің табыс сомалары 1995 жылғы 1 қаңтардан   1998 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңге берілсе, анықтамадағы 3, 4, 5, 6-бағандар толтырылмайды.

Негіздеме: __________________________________________________________

                             (анықтаманы беру үшін негіздеме болған құжаттар)

 

Мөр орны

Кәсіпорын басшысы

 

 

(тегі, аты, әкесінің аты     (бар болса)

 

 

      (қолы)

 

Бас бухгалтер

 

 

(тегі, аты, әкесінің аты     (бар болса)

 

 

      (қолы)

 

 

«Жасына байланысты зейнетақы

төлемдерін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

 

Нысан

 

 

Тағайындауға
өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы

№ ______ қолхат

________________________________________________

(түрін көрсету)

                                     

20__ жылғы «___»_____________

 

Азамат (ша) ________________________________________________________
                               (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы «___» ________________________

Қамқоршы __________________________________________________________

                                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________________

 

Тағайындауға өтінішті қабылдаудан құжаттардың толық пакетін ұсынбау, ақпараттық жүйелерден төлемді тағайындау үшін талап етілетін мәліметтер, төлемге құқығының жоқ болуы себебінен бас тартылды

____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жасына байланысты зейнетақы

төлемдерін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

 

Нысан

 

 

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы

ҚОЛХАТ

____________________________________________________

(түрін көрсету)

 

20 ___ жылғы «___» ___________

 

Азамат (ша) _________________________________________________________

                                  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Туған күні 20 ____ жылғы «___» ___________

 

Жүгінген күні 20 ____ жылғы «_____________» __________________________

 

Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісі расталды

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
          (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 1_pensionnaya_vyplata_po_vozrastu.doc142.5 KB
11 наурыз, 2016 - 12:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші