A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына
30-қосымша

            "Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       

            1-тарау. Жалпы ережелер

            1. "Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

            2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

            3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

            Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

            1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

            2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

            2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

            4. Құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

            көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:

            рұқсатты беру:

            1-кезең: рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы хабарлама – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;

            2-кезең: рұқсатты беру – 11 (он бір) жұмыс күні ішінде, оның 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді;

            рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;

            рұқсатты ұзарту:

            1-кезең: рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы хабарлама – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

            2-кезең: рұқсатты беру – 11 (он бір) жұмыс күні ішінде, оның 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді;

            корпоративішілік ауыстыру шеңберінде:

            рұқсатты беру – 8 (сегіз) жұмыс күні;

            рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;

            рұқсатты ұзарту– 6 (алты) жұмыс күні.

            Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

            Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

            5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

            6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

            осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қайта ресімделген рұқсат және ұзартылған рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап;

            Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

            7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін көрсетіледі.

            1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру мен (немесе) ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлеміне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі;

            2) бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды қайта ресімдеу бойынша, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, ұзарту және (немесе) қайта ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін негізде көрсетіледі.

            Салық алымын төлеу көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз нысанда жүзеге асырылады.

            8. Жұмыс кестесі:

            1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

            Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

            2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

            9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

            1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:

            маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде көрсетілетін қызметті берушіге:

            осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

            тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Кодекстің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметте (бұдан әрі – тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер);

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

            шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері және аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

            Кодекстің 35-бабына сәйкес жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) (бұдан әрі – жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат);

            осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (шағын кәсікерлік субъектілерін, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды, шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілетін рұқсаттар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда) (бұдан әрі – кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат);

            жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында Қағидалардың 31-тармағына сәйкес филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда);

            шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

            маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде портал арқылы:

            көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

            шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармаларының және электрондық көшiрмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

            жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында Қағидалардың 31-тармағына сәйкес филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда);

            шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);

            жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

            кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

            басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар туралы нотариат куәландырған құжаттың электрондық көшірмесі;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

            рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

            2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

            көрсетілетін қызметті берушіге:

            өтініш;

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

            портал арқылы:

            көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

            рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

            3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу немесе қайта ресімдеу үшін:

            көрсетілетін қызметті берушіге:

            өтініш;

            еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

            өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат (бұдан әрі – ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат);

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері және аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

            жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат;

            осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (бұдан әрі – КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат);

            осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу нысаны (бұдан әрі – ерекше шарттарды келісу нысаны);

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            портал арқылы:

            көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

            еңбек шартының не хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасының электрондық көшірмесі;

            ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат;

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған электрондық көшiрмелері және аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

            жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

            КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

            рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу нысаны;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

            4) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

            көрсетілетін қызметті берушіге:

            өтініш;

            ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат;

            КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

            рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

            портал арқылы:

            көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

            ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат;

            КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

            рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;

            тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

            шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.

            Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімін береді.

            Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

            көрсетілетін қызметті алушыға – тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қолхат беріледі;

            портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

            10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

            10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

            1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

            2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

            жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартқан кезде:

            1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

            2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

            3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

            11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша басшының, көрсетілетін қызметті берушінің не облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің атына беріледі.

            Шағым жазбаша және электрондық нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

            Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

            Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

            Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

            Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

            Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

            12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

            4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

            13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуге мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы қызметті ресімдеу және алу құқығына берілген сенімхатпен өкілін жібереді.

            14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

            15. Бизнес сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті, сондай-ақ рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

            16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

 

 "Жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
 шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

 

Нысан

      ______________________________________________________________

      (рұқсат беруші органның толық атауы)

 Шетелдік жұмыс күшін тартуға

 РҰҚСАТ

      20 ___ ж. "_____" _________                                           № _____

      Жұмыс беруші ___________________________________________________________

                                                (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,

      ________________________________________________________________________

                           тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендiру нөмiрi;

      ________________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі,

      үйінің мекенжайы)

      ________________________________________________________________________

      Рұқсат қолданылатын аумақ _____________________________________

      _________________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыскер______________________________________________________

                             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)

       ________________________________________________________________________

                           (паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)

       Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)_______________________________________

       Рұқсатты беру үшін негіздеме______________________________________________

       ________________________________________________________________________

       Рұқсаттың қолданылу мерзімі_______________бастап______________дейін

                                                         (күні, айы, жылы)           (күні, айы, жылы)

       М.О.                                     қолы ______________________________

                                                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prilozhenie_30_kaz.doc187 KB
5 сәуір, 2017 - 16:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші