check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және    әлеуметтік даму  министрлігі

«____»                   2015 жыл

№_____
Астана қ.

 

Қазақстан Республикасының             Ұлттық экономика министрлігі

«____»                       2015 жыл

№_____
Астана қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

 

Қазақстан Республикасының

еңбек заңнамасы саласындағы

тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлерін және тексеру

парағының нысанын бекіту туралы       

 

                              

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

         1. Қоса беріліп отырған:

         1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны.

        2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті  (А.А. Сарбасов):

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға
жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалары бойынша еңбек инспекциясының
жергілікті органдарының назарына жеткізуді;      

5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс
күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Мынадай:

1) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 54-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 35 бірлескен бұйрығының (№ 6811 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының
нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы, № 4, 399 құжат);

2) «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 6809 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының
нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы, № 4).

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және    әлеуметтік  даму  министрі
 

____________ Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының                          Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

______________ М. Құсайынов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөнiндегi комитетiнің төрағасы

___________________ С. Айтпаева

2015 жылғы «_____»       ___________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon kriterii_ocenki_kaz.doc87.5 KB
Microsoft Office document icon proverochnyy_list_kaz.doc128 KB
Бөлімдер:
9 шілде, 2015 - 11:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші