check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрық жобасы

 

 

Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

 

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 17-бабының 11) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Өндірістік жарақаттанудың жай- күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Өндірістік жарақаттанудың жай- күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшасына сәйкес «Шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;

4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

 

 

                                       Т. Дүйсенова

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

__________________ Ә. Смайылов

2015 жылғы «__»______________

 

Бөлімдер:
10 шілде, 2015 - 10:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші