check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы

 

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21 (2525), 93-бап):

1)   55-баптың 5) тармақшасының 9 абзацындағы «он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы» сөзі алып тасталсын;

2) 56-баптың 4) тармақшасының 3 абзацындағы «он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы» сөзі алып тасталсын.

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат):

1)      36-баптың екінші абзацы  мынадай редакцияда жазылсын:

36-бап. «Алтын алқа» белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағына ие болған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын жайды ұстап-күтуге, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде және  тәртіпте ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.»;

2)      37-бап мына мазмұндағы абзацпен толтырылсын:

 «Күміс алқа» белгісімен наградталған көп балалы аналарға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде және  тәртіпте ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.»

3. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы  Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-бап)

1) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толтырылсын.

«3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға − 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

 2 ) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толтырылсын:

3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 2,81 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 2,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

3)      12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толтырылсын:

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге – 3,44 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге – 2,65 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге – 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

4. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы ("Егемен Қазақстан" 1999 жылғы 7 сәуір № 66)

1) 3-бап. Жәрдемақы алуға:

1. Жәрдемақы алуға осы Заңмен көзделген және оған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріндегі тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;

2) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі  Заңының 5,6,7, 8 және 9-баптарына сәйкес белгіленген мәртебесі барлар;

3) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болғандар,  «Кеңес Одағының Батырлары», «Социалистік Еңбек Ерлері», үш дәрежелі Даңқ және  үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

4) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;

5) мемлекеттік наградалармен марапатталмаған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;

6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар.

2. Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын  «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленетін адамдарға тағайындалмайды.

2) 4-бап алып тасталсын;

3) 7-баптың атауы және бірінші, екінші, үшінші абзацтардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Алушылардың санаты және жәрдемақының мөлшері

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға  жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:»

7-баптың 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«13) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңының          5-бабының 12-тармағының есебімен тағайындалған азаматтарды қоспағанда бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;

14) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 12-тармағының есебімен тағайындалған азаматтарды қоспағанда үшінші топтағы мүгедектерге – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;»;

15), 16), 17) тармақшалар алып тасталсын.

4) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8.1-бап. Өтпелі ережелер

1. 1. 2017 жылғы 1 қаңтарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алатын азаматтарға «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3-тармағы 3) тармақшасында және 2-тармақтың 3) тармақшасында,  1-тармақтың 3) тармақшасымен қарастырылған 2017 жылғы 1 қаңтарына алатын арнаулы әлеуметтік жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақының сомасының айырмашылығы ретінде төленеді.

2. Осы Заңның 7-бабы 18-тармағына сәйкес қарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін төленеді.

5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013ж., № 1, 3-құжат):

1-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «16) табысы аз адамдар (отбасылар) – облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада бекітілген жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғалар;

2) 8-баптың 2) және 5) тармақшаларындағы «жұмыссыздарға» деген сөзден кейін «оның ішінде табысы аз адамдар қатарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

12-1-бап. Әлеуметтік қолдау және халықты жұмыспен қамту орталығы.

Әлеуметтік қолдау және халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;

2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға және әлеуметтік қолдау, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетуді;

3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарт жасасуды;

4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды ұйымдастыруды;

4-1) уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін алушылардың істерінің макетін әзірлеуді;

4-2) атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету және әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен тиімді өзара қарым-қатынасты ұйымдастыруды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуын мониторингілеуді;

4-3) консультациялар, әңгімелесу жүргізу, кәсіби бағдарлау мақсатында, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау үшін шалғай елді мекендерде мобильдік топтарды қалыптастыруды;

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға  және атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.;

5) 14-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;

«Жұмыссыз ретінде әлеуметтік қорғау шараларын алуға еңбекке қабілетті азаматтар қатарындағы табысы аз азаматтарға басым құқық беріледі.».

6. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы                 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23,              142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат;  № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат;    2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат):

1) 1-бапта:

1-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар- «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары түрінде әлеуметтік орта жағдайларына бейімделуі мақсатында ұсынылатын шаралар

1-2) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – отбасының атынан әрекет ететін кәмелетке толған жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы келісім, осыған сәйкес уәкілетті орган табысы аз адамға (отбасыға) шартты ақшалай көмек көрсетуге, табысы аз адам (отбасы) – отбасыға көмектің жеке жоспарын орындауға міндеттенеді;

1-3) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жөнінде құрған іс-шаралар жоспары;

1-4) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар).;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

         6-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар –атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін орталыққа жүгінген үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асыратын, консультациялар, әңгімелесулер өткізуді, келісімшартты әлеуметтік сүйемелдеуді, сондай-ақ отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты шеңберінде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне талдау жүргізуді, мониторингті жүзеге асыратын және халықты әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара қарым-қатынас жасайтын халықты жұмыспен қамту Орталықтарындағы қызметкерлер;»;

         8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «8) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметті іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құратын мемлекеттік мекеме;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) отбасының белсенділігін арттырудың келісімшартын әлеуметтік сүйемелдеу (бұдан әрі - келісімшартты әлеуметтік сүйемелдеу) – шартты ақшалай көмекті алушылар мен орталықтың отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартында мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті бірлескен жүйелі іс-әрекеттері.

мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

9) ведомствоаралық комиссия – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы органдарының, сондай-ақ өзге де мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультациялық-кеңесші орган (бұдан әрі − ведомствоаралық комиссия);

10) еңбекке қабілетті адам (еңбекке қабілетті отбасының мүшесі) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында бекітілген 16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен еңбекке және белгілі бір біліктілік деңгейдегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілетті адам немесе отбасы мүшесі;

11) көп балалы отбасы – бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасы.;

12. арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;».

2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мыналарға:

1) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыз адамдарға (отбасы мүшелеріне) және тұрақты жұмысы бар адамдарды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан еңбекке қабілетті адамдарға (отбасы мүшелеріне);

2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда,

отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының шарттарын және жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындаудан дәлелсіз себептермен жазбаша түрде бас тартқан адамдарға, сондай-ақ отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің бірі мемлекеттің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысудан бас тартқан жағдайда отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне;

3) көп балалы отбасыларды, сондай-ақ жеке меншігінде бір тұрғын үйі және тұрғын үйдің жалпы алаңынан үлесі бар отбасыларды қоспағанда, жиынтығында Қазақстан Республикасында жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар адамдарға және отбасы мүшелеріне;

4) тұрғын үйді немесе оның бөлігін жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша тапсыратын адамдарға немесе отбасы мүшелеріне;

         5) құрамында мүгедек балалары, I және II топтардағы мүгедектері бар отбасыларды, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қоспағанда, отбасы мүшесі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннен бұрын кейінгі 12 ай ішінде 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомаға сатып алынған көлік құралының (мопедтерден, велосипедтерден басқа) меншік иесі болып табылатын адамдарға немесе отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.»;

3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

«2-1-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері

1. Атаулы әлеуметтік көмек мынадай түрде көрсетіледі:

1) шартсыз әлеуметтік көмек – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында бекітілген зейнеткерлік жасқа жеткен жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін объективті шектеулері бар (бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі, екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы) табысы аз еңбекке қабілетті адамдарға;

құрамында еңбекке қабілетті бір мүшесі – оның жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін объективті шектеулері (бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі; екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы; үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күту; мүгедек баланы не бірінші және екінші топтардағы мүгедекті бағып-күту; бөгде адамның күтіміне немесе көмегіне мұқтаж қарттарды бағып-күту) бар болған кезде табысы аз отбасыларға жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем;

2) шартты ақшалай көмек – жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде жүзеге асырылатын төлем.»;

3) 3-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша – Орталыққа, ал ауылдық жерлерде – сол сияқты сияқты кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:

1-1. «Орталықта әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантпен, кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен не ассистентпен әңгімелесу жүргізіледі, жүргізу барысында мыналар:

1) өтініш берушінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға құқығы;

2)  әлеуметтік бейімделу шараларына мұқтаждығы;

3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады»;

4-тармақтағы «Атаулы әлеуметтік көмек» деген сөздер «Шартты ақшалай көмек» деген сөздермен ауыстырылсын;

4. Шартсыз ақшалай көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.

4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.

 Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға тапсырады.

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса Орталыққа береді.

         3. Атаулы әлеуметтік көмекке құқығы анықталғанннан кейін еңбекке қабілетті адамдар  немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелері  осы Заңның 2-бабының 4-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты жұмысы бар адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды қоспағанда, еңбекке қабілетті адамдардың немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің қатарындағы шартты ақшалай көмекке үміткерлер бір жұмыс күні ішінде  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу үшін жіберіледі.

         4.      Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу шартымен келіскен кезде және әлеуметтік бейімделу қажет болған жағдайда отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалады.

         Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың уәкілетті органның – табысы аз адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек көрсетуі, табысы аз адам (отбасы) – жеке жоспар шараларын орындауы міндеттемелерін қамтиды:.

         5. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар шартты ақшалай көмекке өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп табысы аз адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және отбасын  (азаматты) әлеуметтік бейімдеу іс-шаралары жоспарланған орталық атқарушы органдар бекітетін нысанға сәйкес жеке жоспар әзірлейді, атап айтқанда:

1)  Орталықтың жәрдемдесуімен белсенді түрде жұмыс іздеу және олар ұсынған жұмыс орнына орналасу;

2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;

3) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;

4) халықтың нысаналы топтарының кезеңдік скринингтік тексеруден өтуі;

5) отбасында жүкті әйел болған жағдайда жүктіліктің 12 аптасына дейін оларды акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына медициналық тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болуы;

6) әлеуметтік мәні бар аурулардан, сонымен қатар маскүнемдік пен нашақорлықтан ерікті емдеу;

 7) уақытылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ұсынылатын мүгедектерді оңалту шараларын қабылдау;

         8) ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес табысы аз  отбасылардың (азаматтардың)  жеке қажеттіліктеріне қарай айқындалатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі басқа да іс-шаралар;

          6. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысуы мынадай жағдайларды:

 стационарлық, амбулаторлық (санитариялық) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңін;

үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды қоспағанда, еңбекке қабілетті отбасы мүшелері (адамдар) шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.

         7. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда оны қосымша алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

         Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.

         8. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты орталық атқарушы орган бекіткен нысан бойынша үш данада мемлекеттік және орыс тілінде жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – уәкілетті органда сақталады, үшіншісі - келісімшартты әлеуметтік сүйемелдеуді жүргізу үшін Орталыққа жолданады.

         9. Орталық өтініш тіркелген күннен бастап алты жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қабылданған құжаттарын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.

10. Уәкілетті орган Орталықтан құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні Орталық арқылы жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда – оның себебі көрсетіледі.

         11. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.

         12. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады     

Отбасы құрамына:

1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын адамдар;

3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;

4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.     

         13. Шартсыз әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленіп отырады, шартты ақшалай көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын кезеңде тағайындалады және ай сайын немесе отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартында бекітілген кезеңде бір жолға төленеді.

         Шартты ақшалай көмек төлемінің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұруға жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған шығындардан басқа, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын орындаумен байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алу және басқа), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуы тиіс.

         14. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттарға және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ келісімшартты әлеуметтік сүйемелдеуге  жәрдемдесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу, атқарылған жұмыс туралы есеп жасау үшін тартылатын халықты жұмыспен қамту Орталықтарындағы штаттан тыс қызметкерлер болып табылатын ассистенттердің көмегімен жүзеге асырылады.

         15. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттердің орындалмағаны анықталған кезде атаулы әлеуметтік көмек мөлшері орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейінгілерді қоспағанда, (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына ай бойы 50 %-ға қысқарады, міндеттердің орындалмағаны туралы қайтадан анықталған жағдайда – кәмелеттік жасқа толмаған балалардан басқаларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.

         16. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант барлық кезеңде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдейді және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ оның тиімділігіне бағалауды жүргізеді.

         17. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, Орталықтың іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

         18. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.

         19. Уәкілетті орган және Орталық халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібімен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.»;

5) 5-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-бап. Учаскелік және ведомствоаралық  комиссиялар»;

4-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздер «Орталық» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

5-1 «Шартты ақшалай көмекке өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары мен әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті орган құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттар Әлеуметтік келісімшарттар жасау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға қарауға жіберіледі.

Ведомствоаралық комиссияның міндетіне атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдардың және ұйымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну және жасалған отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты шараларының орындалуын қарастыру мәселелері кіреді.

Комиссия қызметін қамтамасыз етуді Орталық аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдармен бекітілген ведомствоаралық комиссияның үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Ведомствоаралық комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені орталық атқарушы орган бекітеді.»;

         7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж.,       № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат;):

         1) 1-бапта:

1) тармақшаның үшінші абзацы келесі мазмұндағы редакциямен жазылсын:

 «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын  «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көп балалы анаға берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;»;

2) тармақшадағы «мүгедек баланы тәрбиелеушіге» деген сөздер «көп балалы» деген сөздермен толықтырылсын.

3), 5), 6) тармақшалар алып тасталсын;

7) тармақшадағы «отбасының атынан» сөзі алып тасталсын;

8) тармақша алып тасталсын;

         2) 4-бапта:

         1- тармақта:

         3) тармақшасы келесі мазмұндағы толықтырылсын:

         «көп балалы анаға берілетін жәрдемақы»;

2-тармақ алып тасталсын;

         3) 5-бапта:

2-тармақтың бірінші абзацынан төртінші абзацына дейін мынадай редакцияда жазылсын:

         2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттармен қоса, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш Орталықтың бөлімшесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көп балалы анаға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі;

         2-тармақтың алтыншы абзацы келесі мазмұндағы редакциямен жазылсын:

         «ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

         3-тармақта «орталық» деген сөзден кейін «немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер алып тасталсын;

         4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, орталықтың бөлімшесіне не халыққа қызмет көрсету орталығына сұрау салуды жүзеге асырған өтініш берушіні ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

  Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің тағайындау үшін Орталық бөлімшесіне не халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасаған күні есептеледі.»;

4) 6-бапта:

1-2-тармақ алып тасталсын;

2-тармақтың бірінші абзацындағы «тиісті» сөзі алып тасталсын;

2-тармақтың үшінші абзацындағы «тиісті» сөзі алып тасталсын;

         3-тармақ алып тасталсын»;

         5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

         «9-бап Көп балалы анаға тағайындалатын және төленетін жәрдемақы

         1. Көп балалы анаға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.

         2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар  сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.

         3. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақы төлемдердің өзге түрлеріне қарамастан төленеді.

         4. Көп балалы анаға тағайындалатын жәрдемақы тоқтатылады:

         1) жәрдемақы алушы мемлекеттік медико-әлеуметтік мекемеде бюджеттік қаражат есебінен тұруы анықталған жағдайда;

         2) жәрдемақы алушы бас бостандығынан айырылу түріндегі сот белгілеген қылмыстық жазасын өтеу уақытында».

7) 10-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы – 6,40 айлық есептік көрсеткіш»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы орталықты он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

          Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.»;

          8. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV  Заңы («Казахстанская правда» 2010 жылғы 20 сәуір №97-98 (26158-26159); «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 20 сәуір № 144-146 (25992); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7 (2560), 27-бап; «Официальная газета» 2010 жылғы 03 қыркүйек № 36 (506)):

1)                мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын  «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыдан;

16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.».

2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

   

 

    Қазақстан Республикасының

           Президенті                                            Н. Ә. Назарбаев

27 шілде, 2015 - 19:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші