A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

                   «Балалы отбасыларға берiлетiн

мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының

Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

 

 

«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына және 9-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Мыналар:

1) осы бұйрыққа1-қосымшағасәйкес Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған жәрдемақыны алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтықжүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                  Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

____________А.Мамытбеков

2015 жылғы«______»___________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________Ә. Исекешев

2015 жылғы«______»___________

 

28 шілде, 2015 - 17:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші