A A A
Мазмұнына өту

You are here

«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»                 Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1. 3-тармақта:

                бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 26 224 254 мың теңге мөлшеріндегі сома:»;

2) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға  – 953 505 мың теңге;»;

          2) көрсетілген қаулыға 20, 32-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  1. көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:

реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

31

Денсау-

лық сақтау жүйесін одан әрі жаңғыр-

тудың 2020 жылға дейінгі тұжырым-дамалық тәсілдері

Денсаулық сақтау жүйесін 2020 жылға дейін дамытудың мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін және негізгі іс-шараларын әзірлеу, денсаулық сақтауды басқарудың қазіргі заманғы үрдістерін анықтау, денсаулық сақтау жүйесін 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік саясатын мониторингтеу және бағалау жүйесін әзірлеу, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011 –  2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Қазақстан – 2050» Қазақстанның даму стратегиясында белгіленген денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық бағыттарды іске асыруды әдіснамалық  сүйемелдеу және мониторингтеу

Қазақ-

стан Респуб-

ликасы Денсау-

лық сақтау және әлеумет-тік даму министр-лігі

«Денсау-

лық сақтауды дамыту респуб-

ликалық орталы-ғы» ШЖҚ РМК

001 «Денсау-

лық сақтау және әлеуметтік даму саласында-ғы мемлекет-тік саясатты қалыптас-

тыру»

103 «Әлеумет-тік, талдама-лық  зерттеулер жүргізу және консалтин-гтік қызметте-рін көрсету»

118 093

».

 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                        К. Мәсімов

30 шілде, 2015 - 15:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші