check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы

Бірлескен бұйрық

 

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы

 

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының               2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төмен азық-түлік себетінің құнының 40% мөлшерінде белгіленсін.

3. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 307/1-ө және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2005 жылғы           5 желтоқсандағы № 194 бірлескен бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3980 тіркелген және 2006 жылғы                     10 наурыздағы «Заң газеті» № 42-43 (1022-1023) басылымында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ.Жақыповаға жүктелсін. 

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_kaz.doc1.69 MB
Microsoft Office document icon pravila_kaz_2003-1997.doc524 KB
5 тамыз, 2015 - 10:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші