A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген

сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік

орталыққа ай сайын ұсыну қағидаларын

бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының      4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа ай сайын ұсыну қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген         іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

                    даму министрі                                                   Т. Дүйсенова

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_kaz.doc32 KB
Microsoft Office document icon pravila_kaz.doc39.5 KB
Microsoft Office document icon spravka_obosn-gos.doc42.5 KB
Бөлімдер:
10 тамыз, 2015 - 15:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші