A A A
Мазмұнына өту

You are here

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы

2015 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінің бірінші сұрағы  аймақтардағы еңбек қатынастарының күйі болды (еңбек дауларының картасы және аймақтардағы әлеуметтік шиеленіс мәселелері – қызметкерлердің жұмыстан босатылуы, әкімдіктер, кәсіпорындардың басшылары және кәсіподақтар арасындағы өндірістік процесстерді қалыптандыру бойынша өзара ынтымақтастық меморандумдарының жүзеге асырылуы).

Одан кейін отырыста Қазақстан Республикасының «Кәсiптiк одақтар туралы» Заңының жүзеге асырылуы бойынша шаралар, 2015 жылы Еңбек күнін мерекелеу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының аймақтық сатысын өткізу мәселелері талқыланды.

12 тамыз, 2015 - 14:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші