check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедек – балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметін ұйымдастыру туралы

 

Мүгедек – балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметін ұйымдастыру туралы

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК және Қазақстан – Ресей медициналық университетінің (бұдан әрі – ҚРМУ) қолдауымен мүгедек – балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға онлайн қолдау бойынша жобаны жүзеге асырды. Қызметтің негізгі міндеті мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасыларға психологиялық денсаулық, отбасыда оңтайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру шарттарын құру мақсатында  кеңестік көмек көрсету және мүгедек-балаларды тәрбиелеуші адамдарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.

2 айдың ішінде мүгедек-балаларды тәрбиелеуші 40 отбасы психологтардың кеңес қызметтерін алды.

Қызмет жұмысы Интернет-ресурс мүмкіндіктерін қолдана отырып, «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Онлайн қолдау қызметі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жасайды және мүгедек - балаларды тәрбиелеуші барлық ата-аналарға қолжетімді. Қызмет 1411 тегін телефон нөміріне хабарласу арқылы қолжетімді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен ауылдық және кенттік округтерде онлайн кеңес алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кеңес беру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларынан немесе ҚРМУ электронды мекенжайына (i-krmu@mail.ru) жүгіне отырып, сонымен қатар 1411 қысқа нөмірі арқылы алуға болады.

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

 

3 қыркүйек, 2015 - 20:30 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші