1991 жылдан бастап халықтың жалпы санының 5,5% құрайтын 260 325 мың отбасы немесе 955 894 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.
Оралмандардың көбі - 61,6% Өзбекстаннан көшіп келді, 14,2% Қытай, 9,2% - Моңғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден және 3,7% - басқа елдерден келгендер.
Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 55,6%, 18 жасқа дейінгі балалар – 39,9 % және зейнеткерлер – 4,5 %-ды құрайды.
Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 8,8%-ң жоғарғы білімі, 18,9%-ң арнайы орта білімі, 5,6%-ң жалпы орта білімі бар, 9,9%-ң білімі жоқ.
Оның ішінде 2015 жылдың 1 қазанына республикаға 1164 отбасы және 3012 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.
Оралмандардың көбісі – 78,6% Өзбекстаннан көшіп келді, 6,7% - Түркіменстаннан, 6,0% - ҚХР-нан, 3,1% - Моңғолиядан, 1,3% - Ресейден және 4,2% - өзге елдерден келгендер.
Оралмандардың шыққан елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала анықтады. Оралмандардың ең көп бөлігі: Қостанай – 189 отбасы (452 адам), Жамбыл – 213 отбасы (529 адам), ОҚО – 208 отбасы (527 адам), Маңғыстау – 108 отбасы (487 адам), Ақмола – 132 отбасы (278 адам), Қарағанды – 118 отбасы (300 адам), Павлодар – 58 отбасы (131 адам), Атырау – 26 отбасы (51 адам), ШҚО – 33 отбасы (54 адам), Ақтөбе – 23 отбасы (99 адам), СҚО – 18 отбасы (41 адам), БҚО – 18 отбасы (34 адам), Қызылорда – 7 отбасы (11 адам) және Алматы облыстарында – 13 отбасы (18 адам) қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар – 32,5 % және зейнеткерлер – 6,3 %-ды құрайды.
Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 15,4%-ң жоғарғы білімі, 32,9%-ң арнайы орта білімі, 49,6%-ң жалпы орта білімі бар, 2,1%-ң білімі жоқ.
«Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысымен Астана және Алматы қалаларынан басқа 14 өңір айқындалған.