A A A
Мазмұнына өту

You are here

ымдау тілі мамандығына оқу мәселесә жөнінде

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма! 3 топ мүгедегіне мүгедекті оңалтудың бағдарламасы берілген, бағдарламада ымдау тілі маманы қызметі көрсетілген. Оңалту бағдарламасы берілген мүмкіндігі шектеулі адамға ымдау тілі маманын тағайындау үшін, тағайындалатын адамда ымдау тілі мамандығын оқығаны жөнінде сертификат болуы шарт. Алайда осы кезге дейін ешбір адам ымдау тілі маманының қызметіне оңалту бағдарламасын әкелген емес, бұл жұмыс тәжірибемде бірінші рет кездесіп отыр. Ымдау тілі мамандығын меңгерген сертификаты бар ауданда маман жоқ. Сол себепті бұл азаматқа ымдау тілі маманы тағайындалған жоқ. Жоғарыда аталған мүмкіндігі шектеулі азаматтың інісі ымдау тілі мамандығына оқытуды сұрап өтініш білдіруде, мен бұл азаматтың өтінішіне жауап бере алмай отырмын. Ол азамат өз қаражаты есебінен оқуға құқылы ма, әлде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оқытуға тиісті ме?

Жауап: 

Құрметті Гүлжайна Бақытжанқызы!

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, кәсіптік қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

Бағдарлама аясында кәсіптік оқыту тек қана жұмыс берушінің сұранысы негізінде жүзеге асырылады.

Оқуға үміткерлерді жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да үміткерлер қатарынан да іріктейді.

Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісу бойынша кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды өз бетінше таңдайды.

Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсына орналастырылған ұйымдардың және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.

 Батыс Қазақстан аумағын дамыту шеңберінде жергілікті бюджет арқылы кәсіптік оқыту келісім шарт негізінде ұйымдастырылады. Кәсіптік оқыту жұмыс берушінің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі. Егер, жұмыс беруші ымдау тілі маманы қажеттілігі бойынша ұсыныс берген жағдайда, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган сол ұсынысты білім басқармасына жолдайды. Аталмыш мамандыққа оқуға ниет білдірген 15-20 адамдар, бір оқу тобын құраса, осы мамандық бойынша кәсіби оқыту мүмкін. Бір адам бұл мамандық бойынша оқытылмайды.

Осыған орай, Сіздің көтеріп отырған  мәселеңіз бойынша  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз қажет.

 

Орындаған: Ирахметов Самат

Сұрақтың нөмірі: 332309
18 қараша, 2015 - 11:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші