check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы ___  __________ № ___ бұйрығына

анықтама-негіздеме

 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы    7-бабы 1-тармағының                          6) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 20__ жылғы ____ _________ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 20_ жылғы __ _______ Өкімі

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер 

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Қарастырылмаған

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында 2015 жылғы _ ________  орналастырылды

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Талап етпейді

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

 

 

       Заң қызметі департаментінің

                        директоры                                                                А. Парсегова

 

2015 жылғы «____»____________

 

 

 

 

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы                     1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы                     1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:

3-тармақтың 17) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«17) мүгедек – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

18) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;»;

9-тармақтың екінші, тоғызыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі) қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (бұдан әрі – 088/у нысан);»;

«3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам сараптама қорытындысы жөнінде деректерді енгізу үшін ұсынады;»;

«11) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Қолдану мерзімі аяқталған құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде МӘС жүргізуден бас тартылады.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. МӘС жүргізу қорытындылары бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің (өзін-өзі күту, өз бетімен жүріп-тұру, еңбек қызметіне (еңбек қабілеті), оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас жасау, өзінің жүріс-тұрысын бақылау, ойын және танымдық қызметке, белсенді қозғалыс қабылеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі белгіленбейді.»;

20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерді         (бұдан әрі – зақым келген қызметкер) МӘС жүргізу кезінде КЕА мынадай себептері белгіленеді:»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Егер куәландырылатын адам мүгедектік себебін ауыстырғысы келсе, МӘС бөліміне себептік-салдарлық байланысты растайтын, осы Қағидалардың 9-тармағының 4), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында (бесінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтар) көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынған күн мүгедектік себебін өзгерткен күн болып есептеледі.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. КЕА дәрежесi мынадай мерзiмдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзiмiнсiз белгіленедi.»;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 6-қосымшада:

бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, ______ бөлімі»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысына сәйкес куәландыруды (қайта куәландыруды) үйде, стационарда, сырттай жүргізуге келісім беремін (қажеттінің асты сызылсын).»;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 2-қосымша алып тасталсын;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымшада 3 тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) ақыл-ой кемістігі орташа және оған сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 7-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына12-қосымшада:

Мүгедектік туралы анықтамадан кейін қию сызығы алып тасталсын;

Мүгедектік туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірмеде

«М.О. Бөлім басшысы    ___________________ (_____________) 

  М.П. Руководитель отдела (қолы / подпись)

                                                      (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                             / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлім басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылды ________________

Удостоверено ЭЦП руководителя отдела

                                                (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                                / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына                      13-қосымшада:

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамада:

«М.О. Бөлім басшысы    ___________________ (_______________)

  М.П. Руководитель отдела (қолы / подпись)

                                                              (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                                / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлім басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылды ________________

  Удостоверено ЭЦП руководителя отдела

                                                              (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                                / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмеде:

үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірме

Выписка из справки о степени утраты общей трудоспособности серия     №    »;

«М.О. Бөлім басшысы    ___________________ (_______________)

  М.П. Руководитель отдела (қолы / подпись)

                                                              (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                                / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлім басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылды ________________

   Удостоверено ЭЦП руководителя отдела

                                                              (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                                / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына                       15-қосымшада:

«М.О. Бөлім басшысы    ___________________ (_______________)

  М.П. Руководитель отдела (қолы / подпись)

                                                              (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                             / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлім басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылды ________________

  Удостоверено ЭЦП руководителя отдела

                                                          (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                            / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына                      16-қосымшада:

«М.О. Бөлім басшысы    ___________________ (_______________)

  М.П. Руководитель отдела (қолы / подпись)

                                                        (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                          / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлім басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылды ________________

  Удостоверено ЭЦП руководителя отдела

                                                (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                                / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Толық оңалтылуы туралы хабарламаны алдым ______ (__________)

  Извещение о полной реабилитации получил (а) (қолы / подпись)

                                                         (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

                                            / Фамилия, имя, отчество (при его наличии))»

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың              2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                             Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

__________________ А. Сәрінжіпов

2015 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы __ ________

№ ___ бұйрығына

қосымша

 

 

Медициналық-әлеуметтік

сараптама жүргізу қағидаларына

7-қосымша

 

 

Жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе)

КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе)

ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткенге дейін белгіленетін қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктердің тізбесі

 

 

1. Мүгедектіктің бірінші тобы және (немесе) КЕА дәрежесі 90-нан 100 %-ды қоса алғанға дейін және (немесе) ЖЕА дәрежесі 80-нен 100 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:

1) екі қолдың буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;

2) екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы;

3) екі көздің де толық көрмеуі (жарықты сезінбеуі), екі жақты анофтальм, туа біткен рудиментарлық көз алмалары;

4) көрсетілген жағдайлар бойынша он алтыға дейінгі жаста мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайларда, ақыл-ой кемістігі ауыр немесе терең және оларға сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі.

5) қолды (иық буынан) және аяқты (жамбас-санның буынан) кесіп тастаудың ұштасуы;

6) көрсетілген нозологиялар бойынша он алтыға дейінгі жаста мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайларда, тұрақты сал болулармен, едәуір немесе өте айқын білінетін буындардың парездерімен (тетраплегия, тетрапарез, триплегия, трипарез, төменгі параплегия), тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін таралған гиперкинездермен жүріп-тұру бұзылушылықтары;

2. Мүгедектіктің екінші тобы және (немесе) КЕА дәрежесі 60-тан 89 %-ды қоса алғанға дейін және (немесе) ЖЕА дәрежесі 60-тан 79 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:

1) екі қолдың анатомиялық кемістіктері:

біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;

біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;

екі қолдың буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы;

екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы;

қолды иық буынынан кесіп тастау;

2) екі аяқтың анатомиялық кемістіктері:

Шопар бойынша табан тұқылдары;

тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды кесіп тастау;

жамбас санды буыннан кесіп тастау;

протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің (жоғарғы үштен бір бөлігі) кесілуі;

екі аяқтың жіліншіктің немесе санның буынының протезделген кесілген тұқылдары;

3) аяқ-қол анатомиялық кемістіктерінің өзге де ақаулармен және аурулармен ұштасуы:

тізе тұқылы немесе барлық төрт бақай сүйектерінің болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің кесілуімен ұштасқан бір аяқтың көп бөлігінің кесілуі;

бір қолдың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі;

бір аяқтың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі.

3. Мүгедектіктің үшінші тобы және (немесе) КЕА дәрежесі 30-дан 59 %-ды қоса алғанға дейін және (немесе) ЖЕА дәрежесі 30-дан 59 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:

1) қолдың тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері:

біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің болмауы;

біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың бақай сүйектерінің болмауы;

тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы;

тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы;

екі қолдың да бірінші саусақтарының болмауы;

бір қолдың кесілген тұқылы;

эндопротездеуге келмейтін айқын білінетін контрактура (буындағы қозғалыс көлемі 10 градусқа дейін) немесе функционалдық қолайсыз қалыптағы (60 градустан кем немесе 150 градустан артық) немесе ең шеткі супинациядағы немесе ең шеткі пронациядағы жағдайда білектің қозғалуы кезіндегі шынтақ буынының анкилозы;

резекциядан кейінгі иықтың немесе шынтақтың бос буыны;

жедел емдеуге болмайтын болса, иықтың немесе білектің екі сүйегінің жалған буыны;

анкилоз немесе біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың немесе біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың функционалдық қолайсыз жағдайдағы айқын білінетін контрактурасы (қозғалыстың 5-8 градус шегінде шектелуі);

2) аяқтың тұқылы (тұқылдары), аяқтың және омыртқаның басқа да кемістіктері:

Пирогов бойынша кесілгеннен кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;

Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екі жақты тұқылдары;

аяқтың 10 және одан да көп сантиметрге қысқаруы;

эндопротездеуге келмейтін айқын білінетін контрактура немесе жамбас-сан буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан артық және 150 градустан кем);

эндопротездеуге келмейтін тізе буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан кем);

ота жасауға келмейтін санның немесе тізенің екі сүйегінің жалған буыны;

резекциядан кейінгі жамбас-санның бос буыны;

айқын білінетін контрактура немесе табанның ақаулы қолайсыздығымен қоса, сирақ-табан буынының анкилозы (190 градустан кем және 125 градустан артық, сондай-ақ табан тректің алаңы мен табанның көлденең білігінің арасында 30 градустан артық бұрыш) немесе екі сирақ-табан буынының анкилозы;

операциялық араласу нәтижелері тиімсіз болғандағы сан сүйегі басының туа біткен немесе жүре пайда болған шығып кетуі;

түзету операциясын жасауға болмайтын IV дәрежедегі кифосколиоз;

ығысқан және ішкі органдардың анық білінетін функционалдық бұзылған қабырғалар анық майысқан IV дәрежедегі сколиоз;

3) басқа да туа біткен және жүре пайда болған кемістіктер мен аурулар:

егер протездеу шайнауды қамтамасыз ете алмаса, операциялық емдеуге жатпайтын жақтың немесе қатты таңдайдың кемістіктері;

кеңірдектің болмауы салдарынан тұрақты канюля киіп жүру;

есту протезін қою мүмкін болмағанда IV (71-90 дБ) дәрежедегі екі құлақтың кереңдігі, керең-мылқаулық, екі құлақтың кереңдігі (90 дБ астам);

бір көздің толық көрмеуі немесе бір көздің болмауы;

гастрэктомия;

тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі пульмонэктомия;

тыныс алу жеткіліксіздігі болғанда 5 және одан көп қабырғаның резекциясымен торакопластика;

гипофизарлы нанизм, остеохондропатия, аласа бойлылықты остеохондродистрофия (әйелдер үшін – 130 см-ден төмен, ерлер үшін – 140 см-ден төмен);

қол буынының немесе қолдың сал болуы, аяқтың сал болуы, едәуір трофикалық бұзылған екі қолдың немесе екі аяқтың айқын парезі: иық буынының гипотрофиясы – 4 см-ден жоғары; білек – 3 см-ден жоғары; сан – 8 см-ден жоғары; сирақ – 6 см-ден жоғары.

4. КЕА дәрежесі 5-тен 29 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:

алақан сүйегінде басы жоқ бір немесе бірнеше саусағынан айырылған кезде КЕА (1-кесте) белгіленеді.

Жұмысында екі қол буынының барлық саусақтарын пайдалануды талап ететін (музыканттар, зергерлер және т.б.) адамдар үшін КЕА дәрежесі 5 %-ға артады.

Жұмысы қармау функциясына ғана есептелеген адамдар үшін КЕА дәрежесі 5 %-ға азаяды, ал шынашағынан айырылу аталған санаттағы жұмысшылардың КЕА 5%-ға көбеюіне алып келеді, себебі қармау күші төмендейді.

1-кесте

 

I саусақ

II саусақ

III саусақ

IY саусақ

Y саусақ

тырнақ фалангасы

негізгі фаланга

алақан сүйек

I саусақ

тырнақ фалангасы

0/0

 

 

 

 

 

 

негізгі фаланга

 

20/15

 

 

 

 

 

алақан сүйек

 

 

20/15

 

 

 

 

II саусақ

 

25/20

30/25

5/0

 

 

 

III саусақ

 

25/20

30/25

20/15

0/0

 

 

IY саусақ

 

20/15

25/20

25/15

20/15

0/0

 

Y саусақ

 

20/15

25/20

15/10

15/10

20/15

0/0

Ескертпе: алымында жетекші қолға арналған (оң қолдылар үшін оң қол, солақайлар үшін сол қол);

бөлімінде – жетекші емес қол үшін (оң қолдылар үшін сол қол, солақайлар үшін оң қол) КЕА пайыздары көрсетілген.

5. Неғұрлым білінетін iлеспелі функциялардың бұзылуы мен тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты 2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген жағдайларда сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші мүгедектік топтар белгіленеді және қайта куәландыру осы Қағидамен көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Бөлімдер:
3 қараша, 2015 - 19:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші