A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану соңғы 6 жылда 1,6 есеге төмендеді – А.Цой - www.primeminister.kz, 2015 жылғы 19 қараша

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуде.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді», - деді А.Цой. 

Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайтынын, олардың 15%-ы жұқпалы аурулармен, оның ішінде туберкулез және АҚТҚ-мен ауыратынын мәлімдеді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамның көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағынының үштен бір бөлігі 2 ірі қаланың еншісінде: Алматы және Астана.

А.Цой Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша кешендік жоспар жүзеге асырылып жатқандығын еске салып өтті. Аталған жоспарға мигранттар арасында туберкулезді емдеу мен алдын алу бойынша қызметтерді жетілдіру, жоғарғы деңгейде кездесулерді ұйымдастыру арқылы аймақтық диалогқа бастамашылық ету шаралары кіреді.

ДСӘДМ хабарлағандай, республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Шаралар ЖИТС, туберкулез, безгек ауруларымен күрес бойынша Жаһандық қор грантының шеңберінде денсаулық сақтау саласында білім беру және қайырымдылық шараларын өткізумен айналысатын халықаралық үкіметтік емес «Project HOPE» (Проект ХОУП) гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып жүргізіледі. 

ХОУП Жобасының ДДСҰ, көші-қон халықаралық ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Халықаралық федерациясымен бірлесе отырып өткізілетін бағдарлама еліміздің еңбек мигранттары көп қоныстанған 7 аймағында жүзеге асырылады. 

Кездесу аясында екі күннің ішінде жұмыс топтарында және пленарлық отырыстарда жуық арадағы 12 айға жұмыс құралы болатын Әрекеттер жоспары (Жол картасы) талқыланатын болады.

http://primeminister.kz/news/show/25/zabolevaemost-tuberkulezom-v-kazahs...

Бөлімдер:
20 қараша, 2015 - 12:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші