A A A
Мазмұнына өту

You are here

2-ші топтағы өмірлік мүгедектен, 1-ші топтағы өмірлік мүгедекке ауысу жайлы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Менің ағамның ауыр сырқатқа шалдыққанына 20-дан астам жыл болды. Диагнозы: артериовенозная мальформация медиобазальных отделов левой весочной доли, таламуса, базальных ганглиев слева. Сопутствующий диагноз: артериальная гипертония 1 степени, риск 1. Правосторонний спастический глубокий гемипарез, гемгигипеспезия справа. Эпилептический синдром.1-ші инсультты 2001 жылы алды, ал 2-ші инсультты 2011 жылы алды. 2-ші инсульттан кейін Астана қаласындағы ұлттық нейрохирургиялық орталықта квотамен 2 мәрте операция жасалды. 1-ші операция миға қан құйылу қауіпі болғандықтан, тамырдың 30% желімдеді. 2-ші операция шунтирование жасалды. Қазіргі кезде ағамның оң жағы толық жұмыс істемейді (паралезован), сөйлегенде ойын дұрыс жеткізе алмайды, біреудің көмегісіз жүріп-тұруы қиын, айына 1-2 рет эпилептикалық приступтар болып тұрады. Осы уақытқа дейін 2-ші топтағы өмірлік мүгедек. Сұрайын дегенім, 1-ші топтағы өмірлік мүгедекке ауысуға бола ма? Ауысуға болса, қайда жүгіну керек?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарды денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде қайта куәландыру медициналық ұйымның жолдамасымен мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.

Сонымен қатар, қайта куәландыру мерзімінсіз мынадай жағдайларда:

       - қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

       - организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейін белгіленеді.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, егер ағаңыздың денсаулық жағдайы нашарлаған болса, медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолдама алу мәселесін шешу үшін тұратын жеріндегі емдеуші дәрігерге жолығуыңыз қажет.

 

 

Орынд.: Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 332915
3 желтоқсан, 2015 - 12:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші