check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің заттай тамақтану нормаларының бұйрығының жобасы

Медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, оңалту

орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу

орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету

орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде,

әлеуметтік бейімдеу орталықтарында

қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану

нормаларын бекіту туралы

 

 

  Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормалары бекітілсін.

2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен  кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы  ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі                                                                                Т. Дүйсенова

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon normy_pitaniya_kazyaz.zip140.88 KB
Бөлімдер:
25 қараша, 2015 - 20:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші