check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау және төлеу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы

№ 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Денсаулық сақтау және

    әлеуметтік даму министрі                                           Т.Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________________ Ә. Исекешев

201    жылғы «__» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

________ И. Тасмағамбетов

201    жылғы «__» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

_______________ Қ. Қасымов

201    жылғы «__» ___________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon kagida.doc269.5 KB
27 қараша, 2015 - 17:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші