check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Бірлескен бұйрығы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын  бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы  3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

         1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

         2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін;

         3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

  2. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 541 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі                       № 496 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11825 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен  кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

     4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі              С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.  

5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

 

___________ Т. Дүйсенова

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

            

                    

                     ___________ Е. Досаев

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon obosnovanie-kaz_7.12.2015.doc46.5 KB
Бөлімдер:
7 желтоқсан, 2015 - 19:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші