A A A
Мазмұнына өту

You are here

ДСҰ ҚР-ның инфекциялы аурулар бойынша қолданып жатқан шараларын жоғары бағалады - www.strategy2050.kz, 2015 жылдың 8 желтоқсаны

ДСҰ ҚР-ның инфекциялы аурулар бойынша қолданып жатқан шараларын жоғары бағалады. Бұл жөнiнде бүгiн Астанада өткен еңбекшi мигранттар арасында туберкулезге қарсы күрес жүргiзуге арналған баспасөз мәслихатында ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемалары жөнiндегi ұлттық орталық директоры Тiлеухан Әбiлдаев мәлiмдедi.

АСТАНА ҚАЛАСЫ 08 Желтоксан, 16:11

«18 желтоқсан Дүниежүзiлiк мигранттар күнi болып табылады. Бүгiнде қоғамның, экономиканың дамуына мигранттардың да ықпалы үлкен екенi белгiлi. Қазіргі таңда әлемде шамамен 200 млн адам өз елiнен тыс жерлерде жұмыс істейді. Бүгiнде мигранттар мәселесi, атап айтқанда, олардың кейбiр жұқпалы аурулармен ауыруы, жұқтыруы мәселесi өзекті болып отыр және олардың ауруларын анықтау және емдеу әдiстерiне қолжетiмдiлiкті қамтамасыз ету де маңызды мәселелердiң бiрi екені рас. Себебi, олар туберкулез секiлдi жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда оны анықтап, емдеудiң маңызы зор. Туберкулез дертін кеш анықтау елiмiздегi халықтың эпидемиологиялық жағдайына кері әсер етуi мүмкiн», - дедi ол.

Т.Әбiлдаев аталған бағыттар аясында елiмiзде бiрқатар жұмыстар жүргiзiлiп жатқанын айтты. Оның дәлелі ДСҰ ҚР-ның инфекциялы аурулар бойынша қолданып жатқан шараларын жоғары бағалағандығы.

«Елiмiзде сырттан келген мигранттар жұқпалы ауруды жұқтырып, оны басқа адамдарға тарату қаупi болған жағдайда, мигранттар да Қазақстанда тегiн емделуге құқылы. Жалпы, еңбек мигранттары туралы статистикаға сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда 300 мыңнан 1 млн-ға дейiн еңбек мигранты келедi. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, шет мемлекеттерден келген 123 еңбек мигрантынан туберкулез ауруы табылған. Оның 41-i туберкулезбен алғаш рет ауырған. Осыларды дер кезінде анықтау және оларды емдеу мүмкіндіктері бүгінде біздің елімізде дұрыс жолға қойылып келе жатыр», - деді Т.Әбiлдаев.

http://strategy2050.kz/news/29370/ 

Бөлімдер:
8 желтоқсан, 2015 - 19:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші