check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттарын бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 жылы «____» _________

№ _______

Астана қаласы

 

 

2015 жылы «____» ______

№ _______

Астана қаласы

 

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

Бақылау субъектісіне бару

өлшемшарттарын  бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 197-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Бақылау субъектісіне бару  өлшемшарттары бекітілсін.

2. «Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2014 жылғы 25 тамыздағы № 48 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 3 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9755  болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда)  күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;      

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс
күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, және ресми жариялануға тиіс.

 

     

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму  министрі

                           

____________ Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

 

         ______________ Е. Досаев

ТіркемеМөлшер
PDF icon birlesken_buyryk.pdf593.43 KB
Бөлімдер:
30 желтоқсан, 2015 - 10:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші