A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есепті ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»                                       2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының             6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есепті ақпаратты ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін;

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті  заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға баспа және электрондық түрде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың            1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

      міндетін атқарушы                                             Б. Нұрымбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

___________________Ә. Исекешев

2016 жылғы  «__» _____________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрлігі                                                                                 Статистика  комитеті төрағасының

міндетін атқарушы

______________________Б. Иманәлиев

2016 жылғы  «__» _____________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pravila_kaz.doc43 KB
Бөлімдер:
26 қаңтар, 2016 - 18:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші