A A A
Мазмұнына өту

You are here

Зейнетақы туралы

Сәлеметсізбе. Әрбір адамға өзінің зейнетақы қорындағы жинақ ақшасын зейнет жасына жетпей алуына бола ма?

Жауап: 

Сәлеметсізбе Шынар Серікқызы!

Біріншіден, міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Екіншіден, мәлімет үшін төмендегіні хабарлаймыз.

Бірынғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – Қор) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін  Қордағы жинақталған зейнетақы қаражаты бар мынадай тұлғалардың алу құқығы бар:

-          еркектер 63 жасқа, ал әйелдер – 58 жасқа толғанда;

-          егер мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда бірінші және екінші топ мүгедектері;

-          Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қордан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

-          еркектер елу бес, ал әйелдер – 50 жасқа  жеткен кезде және барынша төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болғанда.

Қордағы  жинақталған  зейнетақы қаражатыңыз  жеткілікті және құқығыңыз болған  жағдайда, Сізде сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру туралы зейнетақы  аннуитетi шартын жасасуға құқығы пайда болады. 

Үшіншіден, Қордағы жиналған сомаларыңыз  құпия болып табылатындықтан, ол жөніндегі мәліметті  Сіз  тек жергілікті жеріңіздегі  Қорға жолығып,   ала аласыз.

Жоғарыда аталғанға сәйкес, Қордағы міндетті зейнетақы жарналарын алу құқығы тек ғана зейнетақымен қамсыздандыруда қолданылады және оны зейнеткерлік жастан ерте басқа мақсаттарға алу үшін қолданыстағы заңнамамен қарастырылмаған.  

 

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

Сұрақтың нөмірі: 334249
2 ақпан, 2016 - 18:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші