A A A
Мазмұнына өту

You are here

Тұмаудың алдын алу үшін Алматы метросы ультракүлгін сәулемен өңделеді - www.inform.kz, 2016 жылғы 3 ақпан

Алматы метросында тұмау және жедел-респираторлық-вирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ультракүлгін сәулесімен өңдеу шарасы қолға алынды. Бұл туралы бүгін «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы метросында жолаушылар легі тәулігіне 40 мың адамға ұлғайды. Сондықтан, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүзеге асырылып жатыр.  

Күн сайын метро бекеттері мен пойыздары арнайы заттармен залалсыздандырылады. Орындықтар, тұтқалар мен турникеттер қолмен жуылады. Қазір вагондарды қосымша бактерицидтік шамдармен өңдеу жұмысы қолға алынды», - деді осыған орай «Метроплитен» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Айдын Оразханов.

Одан басқа, метрополитенде қызметкерлердің денсаулығы бойынша медициналық бақылау күшейтілді. Метро бекеттерінде медициналық пункттер жұмыс істейді. Онда метрополитеннің барлық қызметкерлері індетке қарсы дәрі-дәрмектер (оксолин майы), бір реттік қорғаныс бетпердесін, оттегі коктейлі және дәрумендер ала алады.   

Күн сайын жер асты транспортының қызметкерлері ауысым алдында, рейс алдында және соңында медициналық тексерулерден  өтеді. Тұмау немесе жедел-респираторлық-вирустық инфекция жұқтырған қызметкерлер жұмысқа шығарылмайды.

Айта кетелік, «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорнында қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Онда жүзу, футбол, волейбол, тренажер залы, үстел теннисі үйірмелері бар және шейпинг бағдарламасы жүзеге асырылады. 

http://www.inform.kz/kaz/article/2866913

Бөлімдер:
3 ақпан, 2016 - 19:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші