A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Өзбетіншежұмысқаорналасуыүшіншетелдіккенемесеазаматтығыжоқадамғабіліктілігініңсәйкестігітуралыанықтама беру қағидаларын, шетелдіктіңн» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің « » 2016 жылғы № бұйрығы

Өзбетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 1. Қоса беріліп отырған:

  1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары;
  2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1)      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)      осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3)      тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4)      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)      осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

 

 

 

Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

__________________Д. Абаев

2016 жылғы «___» ______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

__________________Е. Сағадиев

2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

__________________Ж. Қасымбек

  1. жылғы «___» ______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрі

__________________А. Мұхамедиұлы

2016 жылғы «___» ______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі

__________________Е. Ыдырысов

2016 жылғы «___» ______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

__________________Қ. Қасымов

2016 жылғы «___» ______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

__________________Қ. Бозымбаев

2016 жылғы «___» ______________

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_kaz1.doc39 KB
Microsoft Office document icon pravila_kaz111.doc116 KB
Бөлімдер:
28 шілде, 2016 - 17:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші