A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедікке байланысты берілетін зейнетақы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлемтсіздерме? Менің анам 2012 жылдан бері Рак правой молочной железы. Состояние после 4 курса неадьювантной полихимиотерапии+ радикальной мастэктомии(23.10.2012)+2 курса адьювантной полихимиотерапии + лучевой терапии, S2б T1N1M0  гормонтерапия жалғасуда диагнозыбен Д бақылауда. Алайда, биыл әлеуметтік сараптама мүшелері зейнетақы төлеуді тоқтатып ары қарай берілмейтіндігін айтты. Онколог мамандардың кеңесіне жүгінсем, аталған диагнозбен кем дегенде 5 жыл бақылауда болатындығын айтып өтті. Менің сауалым аталған диагнозбен зейнетақы қанша жылға беріледі? Сонымен қатар қандай зерттеулерге сүйеніп қорытынды шығарылады? Рахмет

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Асылзат Баяналиқызы!

Мүгедектiкке душар болған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындалады (негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы)

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.

Егер мүгедек адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады

Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі.

Анаңыз туралы  толық мәлімет болмағандықтан осы мәселелер жөнінде жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа  жолығуға  кеңес   береміз.

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

Сұрақтың нөмірі: 334444
15 ақпан, 2016 - 15:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші