A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабы 9) тармақшасына, 24-бабы 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6-бабы 2-тармағының 9-1), 9-4), 9-8), 9-9), 9-10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

5) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

6) Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап  күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

міндетін атқарушы                                                                     Е. Біртанов

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

___________________Қ. Қасымов

2016 жылғы «____»_____________

 

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі

___________________Е. Ыдырысов

2016 жылғы «____»_____________

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

___________________А. Исекешев

2016 жылғы «____»_____________

10 наурыз, 2016 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші