A A A
Мазмұнына өту

You are here

2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы

2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-4) тармақшасына және «2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 82 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы ____
№ бұйрығына
1-қосымша

2016 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы
Оралмандардың саны
1 Ақмола 123
2 Атырау 28
3 Шығыс Қазақстан 260
4 Батыс Қазақстан 29
5 Костанай 21
6 Павлодар 690
7 Солтүстік Қазақстан 108
Жиыны: 1259

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы _______
№ бұйрығына
2-қосымша

2016 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы Қоныс аударушылардың
саны
1 Шығыс Қазақстан 40
2 Костанай 22
3 Павлодар 300
4 Солтүстік Қазақстан 101
Жиыны: 463

10 наурыз, 2016 - 12:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші