A A A
Мазмұнына өту

You are here

2016 жылдың наурыз айының 1-ші күніне мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы

   Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

      Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2016 жылдың 1 наурызында  аз қамтылған отбасылар қатарындағы 19,2 мың азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.     Атаулы әлеуметтік көмектің санында  67,7 пайызы - балаларға, 5,7 пайызы - халықты жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздарға, 7,3 пайызы - жұмыс істейтіндерге,0,3  пайызы - зейнеткерлерге,1,6 пайызы - мүгедектерге, 2,6 пайызы -студенттер, тыңдаушылар, күндізгі бөлімде оқитын курсанттар және де магистратура мен аспирантураны қосқанда, 13,5 пайызы  - балалар күтімімен отырған тұлғаларға, 0,5 пайызы - басқада (80 жастан асқан тұлғалар мен I -II топтағы мүгедектерді күтіп отырған азаматтарға) және т.б. тағайындалған.      Республика  бойынша  аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері  3666 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  54 пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

 

18 жасқа дейінгі балаларға  берілген мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

        Аймақтық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-ларының  мәліметтері бойынша 2016 жылдың наурыз айының 1 күніне  мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған балалар саны 438,9 мың адамды құрайды. Оның ішінде  ауыл тұрғындардың үлесі 64 пайыз. Мемлекеттік әлеуметтіктің көмектерге (АӘК, БМЖ, тұрғын үй көмегі) тағайындалған  қаржының 87,9 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына арналған.Республика  бойынша  БМЖ  1 алушыға ай бойындағы орта  есептік мөлшері 2183,3 теңгені құрайды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға  бөлінген  қаражаттың  71,4 пайызы  ауыл тұрғындарына жіберілген.

Тұрғын үй көмегі

       Аймақтық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-ларының   жедел мәліметтері бойынша 2016 жылдың наурыз айының 1 күніне тұрғын үй көмегі 44,9  мың отбасына  тағайындалды.   Тағайындалған тұрғын үй көмегінің үлесі  барлық мемлекеттік әлеуметтік көмектердің (АӘК, БМЖ, тұрғын үй) ортақ санынан 8,9 пайызды құрайды. Аталған көмектің  бірайлық ортақ мөлшері 3693,3 теңге.

 

 

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

18 жасқа дейінгі балаларға  мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Тұрғын үй көмегі*

 

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. адам)

Қазақстан

19,2

3666

438,9

2183,3

44,9

3693,3

*-жедел мәліметтер

 

14 наурыз, 2016 - 16:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші