A A A
Мазмұнына өту

You are here

Зейнетақыға шығу

Қайырлы күн!

Мен, 2015 жылы 13 қазанда 35 аптада қан қысымының жоғары (140-160ммртст) болуына байланысты жедел босану жасалды (35 апта).

19 қазанда перзентханадан шығарылдым. 29 қазанда төмендегі диагноз бойынша (ЦВЗ. Острое нарушение мозгового крообращения по геморагическому типу. Субарахноидальное кровоизлияние. Левосторонний легкий гемипариз. Артериальная гипертония2. Риск4. Послеродовой период-32сутки. Состояние после преэклапсии. Инфекция мочевыводящих путей) қалалық емханаға, реанимация бөліміне жедел жәрдеммен түстім. 29 қаңтар мен 10 қараша аралығында қалалық емхананың реанимация бөлімінде жаттым. 10-14 қарашада неврология бөліміне ауыстырылдым. 14 қарашада емханадан шықтым. Облыстық ауруханадағы ангиохирург МСЭК-ке мүгедектікке құжат дайындау жөнінде кеңес берді.

15 қаршада төмендегі диагноз бойынша (острый илеофеморальный флеботромбоз глубоких вен левой нижней конечности) облыстық ауруханаға түстім. 25 қарашада ауруханадан шықтым. Емхандан төмендегідей дәрі дәрмекке тұрақты түрде қабылдау тағайындалды, олар;

1. Детролекс

2. Тромбокард 

3. ксарелто

4. компрессионный трикотаж 3 класа

5. Трамбоштад крем

6. цераксон

7. актовегин

8. Фезам

2 наурызда ультраснография жасадым. Қорытындысы төмендегідей (ПТФБ левой нижней конечности с частичной реконоризаций. Эктозия притопов БПВ левой н/к). 

Сұрақ. Жоғарыда аталған диагноздар бойынша маған денсаулық жағдайыма байланысты мүгедектік берілу керек па.

Алдын ала жауабыңызға рахмет.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

        Мүгедектікті белгілеу, медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

        МӘС жүргізу үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) берген жолдамасы (088/у нысаны) негіздеме болып табылады.

        Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

          Пациенттерді МӘС-ға уақтылы және негізді жіберу медициналық ұйымның ДКК-ның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

        Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, МӘС-ке жолдау мәселесі бойынша Сіз тұратын жеріңіздегі медициналық ұйымға емдеуші дәрігерге жолығуыңыз қажет.

 

Орындаушы: Сарапшы Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 335204
7 сәуір, 2016 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші