check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мәңгілік Ел» Пойызы» республикалық акциясы бойынша азаматтарды қабылдау нәтижесі (2016 жылғы 15 ақпан – 18 наурыз аралығы)

Акция шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің сарапшыларымен 33 облыс орталықтары мен елді-мекендерде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек заңнамасының сақталуы, жүзеге асырылуы және т.б. бойынша кеңес беру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Халықпен кездесу барысында 795 азамат қабылданды, олардың ішінде:

Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша – 486  (зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, мүгедектік тобын анықтау, қосымша әлеуметтік көмек көрсету, «Жұмыспен қамту  жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алу, «Өрлеу» бағдарламасына қатысу, мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы бойынша азаматтарға көмек көрсету, жеке көмекші қызметі, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеу бойынша жәрдемақы төлеу, тыл еңбеккері мәртебесін беру және т.б.);

Еңбек заңнамасы нормаларының сақталуы және түсіндіру мәселелері бойынша – 309 (зейнетақы жасына жеткен жұмысшылармен еңбек келісімшартын тоқтату, ұжымдық келісімшартты жасау және қайта жасау, бала күтімі бойынша демалыстағы жұмысшыларға еңбек заңнамасы нормаларын қолдану, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу,  азаматтық қызметшілер еңбекақысының өсуі, экологиялық үстемені есептеу, еңбекақының төленбеуі, еңбек қызметімен байсланысты жазатайым оқиғалар және т.б. сұрақтар бойынша).

30 наурыз, 2016 - 16:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші