A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ДСӘДМ NormaLife препаратын гипертонияны емдеу үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

Қазақстан денсаулық сақтау саласының әртүрлі сарапшыларының гипертонияны емдеуге арналған NormaLife препаратын «ҚР ДСӘДМ қан қысымын тұрақтандыратын бірден-бір дәрілік зат ретінде ресми түрде ұсынатынын» хабарлайтын сұхбаттар шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат Google.com дүниежүзілік іздеу серверіндегі вирустық жарнама баннерлері, сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылуда.

Мазмұндары бірдей сұхбаттар әртүрлі мамандардан, сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ Кардиология мен ішкі аурулар ҒЗИ директоры Сәлім Беркінбаев, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма басшысының орынбасары Махаббат Бекбосыновадан алынып, белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасалғандықтан, жалған болып табылады.

NormaLife препараты биологиялық белсенді қосынды болып табылады, сондықтан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оны дәрілік зат ретінде қабылдауды ұсына алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.enbek.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. 

30 наурыз, 2016 - 16:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші