A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрінің "«Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрық жобасы

«Өрлеу» жобасына қатысуға арналған

құжаттар нысанын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы                           № 133 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларының 12, 13, 16, 18, 20, 23, 28 және                     29-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға әңгімелесу парағының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініштің нысаны;

         3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнаманың нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің Отбасы құрамы туралы мәліметтердің нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтердің нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Үміткердің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салудың нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініштерді тіркеу журналының нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берушінің материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеру актісінің нысаны;

9) осы бұйрықтың 9-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің «Өрлеу» жобасына қатысуына учаскелік комиссияның қорытындысының нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының нысаны;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Отбасыға көмектің жеке жоспарының нысаны;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Шартты ақшалай көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің нысаны;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаның нысаны;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасы бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын тіркеу журналының нысаны;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтата тұру туралы шешімнің нысаны;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Отбасының белсенділігін арттыру бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттар мен әлеуметтік келісімшарттар туралы есептің нысаны;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Шартты ақшалай көмек тағайындау және төлеу туралы есептің нысаны;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Шартты ақшалай көмекті алушылар туралы мәліметтердің нысаны;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Ассистенттің отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеу туралы ай сайынғы есебінің нысаны бекітілсін.

2. «Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының нысанын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген және 2015 жылғы      12 қарашадағы № 217 (28093) «Казахстанская правда» газетінде, 2012 жылғы  12 қарашадағы № 217 (28695) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                              Т. Дүйсенова

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_formy_kaz.doc50.5 KB
Microsoft Office document icon prilozhenie_k_prikazu_kaz.doc349.5 KB
14 мамыр, 2016 - 12:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші