A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

ЖОБА

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 476-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері  алымды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты:

  1. экономикалық қызмет түрлері және шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөшерде;
  2. маусымдық шетелдік жұмыскерлер бойынша 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                         К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің

            2016 жылғы «  »            

№             қаулысына

қосымша

 

 

Экономикалық қызмет түрлері және шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері

 

Р/с

Экономикалық қызмет түрінің атауы

Айлық есептік көрсеткіштегі

алымдар

шетел

дік жұмыс

керлер

дің бірінші санаты

шетел

дік жұмыс

керлер

дің екінші санаты

шетел

дік жұмыс

керлер

дің үшінші санаты

шетелдік жұмыскерлердің төртінші санаты

1

2

3

4

5

6

1

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

 

137

158

179

200

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

154

178

202

225

3

Өңдеу өнеркәсібі

 

154

178

202

225

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

 

137

158

179

200

5

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

137

158

179

200

6

Құрылыс

 

171

198

224

250

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу

 

 

 

154

178

202

225

1

2

3

4

5

6

8

Көлік және қоймаға жинау

 

137

158

179

200

9

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

137

158

179

200

10

Ақпарат және байланыс

137

158

179

200

11

Қаржылық және сақтандыру қызметі

137

158

179

200

12

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар

137

158

179

200

13

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

137

158

179

200

14

Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет

137

158

179

200

15

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

137

158

179

200

16

Білім беру

137

158

179

200

17

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

137

158

179

200

18

Өнер, ойын-сауық және демалу

137

158

179

200

19

Басқа қызмет түрлерін ұсыну

154

178

202

225

20

Үй қызметшісін жалдайтын және өздері тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі

137

158

179

200

21

Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

 

137

158

179

200

 

 

14 мамыр, 2016 - 19:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші