A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы бұйрықтың жобасы

«Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты
ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

2016 жылғы сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) заңда белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымындарда және «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық республикалық орталығы» шаруашылық басқару құқығы бар республикалық мемелекеттік кәсіпорынының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

 

 

 

Т. Дүйсенова

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

____________________ Қ. Бишімбаев

2016 жылғы «___» ________________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

____________________ Қ. Қасымов

2016 жылғы «___» ________________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

___________________ Е. Сағадиев

2016 жылғы «___» ________________

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pravila_gos_0.doc229 KB
Бөлімдер:
30 мамыр, 2016 - 20:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші